ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ

0

Бізді қоршаған табиғаттың, яғни орман, өзен-көл, тау жоталарының сұлулығы кімді болмасын қызықтырып, таң қалдырары сөзсіз. Өкінішке орай, соңғы жылдары от қолданудағы салақтықтан, табиғи өрттің саны көбейіп отыр.Өрт қашанда жақсылық әкелмейтіні белгілі, ол жолында кездескен ағаш, аң-құсты түгелдей жойып, соңы қайғылы оқиғаға соқтырып жатады

Сондықтан есіңізде болсын!

Өртке қауіпті кезде тыйым салынады:

*Кепкен шөбі бар жерлерге от жағуға;

*кез келген жерге сөндірілмей қалған шылым мен сіріңке қалдықтарын тастауға;

*Тез жанғыш заттар мен материалдарды арнайы қаралмаған жерлерде қалдыруға.

Табиғи өртті байқаған жағдайда бірден өртті сөндіруге шара қолданғаныңыз жөн, ал оны өз күшіңізбен сөндіре алмаған жағдайда

—        өрт туралы өрттен қорғау қызметіне телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз, табиғатты қорғау жолында өз үлесіңізді қосқаныңыз болып табылады.

—        Орман өрті орын алған жағдайда жедел түрде мына төмендегі байланыс құралдарына хабарласуларыңызды сұранамыз:  тел.2-16-81, ұялы телефондар: 87781461101, 87758353431, 87081811014.

Ж.Оразбаев, Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Орман өрт сөндіру станция басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.