МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың „Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселесі баяндалып, „Күшті Президент — Ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет” формуласын берік ұстану арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі Президенттің өкілеттілігін қысқарта отырып, Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарлату, елдің тұрақты жан-жақты дамуына әкеліп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтыны сөзсіз.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзгерістер туралы айтты. Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының — Жаңа Қазақстанның бастауы болады.  Президент әрбір сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып шешім қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде жаңадан облыстар құру Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні халық егер қарсы болмаса Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың атына беруді де ұсынды. Суперпрезиденттік басқару формасынан парламенттік басқару жүйесіне біртіндеп көшу жобасы – халық үнін естуші мемлекеттің бір тұжырымдамасы. Сондай-ақ сот жүйесіндегі тиімсіз реформаларды қайта қарап, елімізде әрбір азаматтың Конституциялық Кеңеске өз шағымымен бара алуына жол ашу, сот жүйесіне деген сенімділік пен заңға құрметті арттыруға өз әсерін береді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Конституциялық сот құру бастамасы да құптарлық деп есептеймін. Сонымен қатар қатынауға қиын облыстарды бөліп және жаңа құрылған облыстар өткенді жаңғыртудың белгісі іспетті. Жаңа құрылатын Абай облысы біздің елдігімізді, Ұлытау облысы өткенімізді ұлықтатар киелі жерлердің көші іспеттес. Алматы облысын екіге бөлу – үлкен агломерацияны тиімді басқару жолы. Жетісу облысы мен Алматы облысы деп бөлудің халық үшін берері мол, табысқа жетелері анық. Алмағайып заманда елдігімізді сақтай отырып, Қазақстанды алға бастау – бұл әрбір қазақтың азаматтық парызы. «Қазақстан деген қасиетті ел бізден басқа ешкімге керек емес», – деген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бір ауыз сөзінің өзінде үлкен астар бар.

Г.Байзақова,

Талас ауданаралық аумақтық бөлімінің сот орындаушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.