Облыс әкімінің орынбасары Қ. Мәдібектың айтуынша Облыстың көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Бұл өңірдің экономикалық дамуындағы маңызды бағыт.
2024 жылы жергілікті жолдарды жөндеуге 26,8 млрд. теңге бөлініп, 355 жоба аясында 709,9 шақырым жол жөнделді.
Жыл соңында жолдардың басым бөлігі (жақсы – 65%, қанағаттанарлық – 34%) нормативті деңгейге жетті.
Биыл бұл жұмыстар жалғасын табады. 23,6 млрд. теңгеге 417,1 шақырым жолды қамтитын 146 жоба іске асырылып, сапаны одан әрі жақсарту жоспарлануда.
Бұл жобалар облыстың көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға және транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен үлес қосады.
Биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,6 миллиард бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 17,7 шақырым көше жолдарын құрылыспен, 8 шақырым қайта жаңғыртумен және 391,4 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған. Оның ішінде 45,1 шақырымы облыстық маңызы бар, 83 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар болса, 263,3 шақырымы – елді мекен көшелері.
Жол саласында биылғы жылы барлығы 146 жол жөндеу жобалары іске асырылады. Оның ішінде, «Көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы» ұлттық жобасымен – 24 жоба немесе 128,1 шақырым, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен – 49 жоба немесе 116,8 шақырым, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 6 жоба немесе 20,3 шақырым автожол мен 1 көпір құрылысы, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 5,4 шақырым, жергілікті бюджеттерден – 64 жоба немесе 146,5 шақырым автожол, 5 көпір құрылысы жүргізіледі.
Ал, 3,4 миллиард теңгеге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары атқарылатын болады. Атқарылатын жұмыстардың сапасын тексеру және жол жөндеу жұмыстары барысында пайдаланылатын материалдарға зертханалық сараптама жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен 107,8 миллион теңге бөлінген. Осылайша, биыл жыл қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішін 99,5 пайызға, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға жеткізу межеленіп отыр.
Бұдан бөлек, 2025 жыл өңірдің автожол инфрақұрылымын жөндеу, қайта жаңарту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асырудағы маңызды кезең. Атап айтқанда, Тараз қаласының логистикасын жақсарту және шеткі бөлігін жандандыру үшін биыл Тараз қаласында теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі мен жол өтпесі бар Абай даңғылы учаскесін салу жобасы бастау алды. Бұл ретте Жуалы ауданы Боранды станциясы ПК 7 (ПЧ-52 Түлкібас) 3 441-шақырымында су өткізгіш темірбетон құбыр жанында автокөлік құралдарының өтуіне арналған жасанды құрылыс салу жобасы жүзеге асырылатын болады.
Ж. Жұмаділдаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Prev Post
Next Post