БІЛІКТІ ДӘРІГЕР ЕДІ
Қырық жылға жуық ғұмырын медицина саласына арнап, Гиппократ антына берік жан, жоғары санатты дәрігер- травматолог Сыдығалиев Ахмат Мамытұлы 61 жасында ақтық сапарға аттанды.
Адам баласының саулығы мен саламатты өмір сүруі – мемлекет ұстанып отырған басты саясаттың бірі. Сонымен қатар, ХХІ ғасырда әлемдік медицинаның мүмкіндігі арта түсті. Осыған орай мемлекет деңгейінде аталған саланы дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Халықтың талабы мен таңдауына сай уақыттың өзі мықты мамандарды алға шығарды.
Дәрігердің алдына дертіңе дәру, жаныңа шипа іздеп барасың. Ондай кезде абзал жанның мейірімді жүзі мен жылы сөзі де адамның бойында ауруды жеңуге деген сенім қалыптастырады. Иә, қиын да жауапты қызметімен көптің көңілін тауып, алғысына бөленіп жүрген осындай жандардың бірі – жоғары санатты, білікті дәрігер Сыдығалиев Ахмет Мамытұлы еді. Бүгінде бойында білімі мен қабілеті бар мамандар жеке кәсіп ашып, қызмет көрсете бастады. Бұл саладағы бәсекелестікті арттырып, жұмыс сапасының жақсаруына да сеп болды. Өмірінің соңғы уақытында жеке медициналық орталықта қызмет көрсетіп жүрген Ахмет Мамытұлының еңбегі зор. Қырғыз елінің азаматы бола тұра Қазақстанда еңбек етіп, азаматтығын алып, қазақтармен бауырдай араласып, өмірінің соңына дейін елімізде медицина саласында еңбек етті.
Оның бұл салада еңбек етіп келе жатқанына қырық жылға таяды. 1961 жылы Қырғыз мемлекетінің Киров ауданында Ак-Чии ауылында дүниеге келген. Сонда мектепті аяқтап, 1985 жылы Қырғыз мемлекеттік медициналық институтын емдеу ісі мамандығы бойынша тәмәмдап, алғаш еңбек жолын 1986 жылы Талас медицина университетінің хирургия кафедрасының оқытушысы болып бастайды. 1991-2005 жылдар аралығында Талас орталық ауруханасында травматолог дәрігер, 2005-2007 жылдары ЦСМ орталығында, 2007 жылдан бастап Сарысу ауданы орталық ауруханасында травматолог дәрігер болып жұмыс жасады.
Сонымен қатар, Қырғыз мемлекеттік медицина институтындағы «Сүйек сыну мен буын зақымдануын емдеудің заманауи әдістері» бойынша, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау, травматолог-ортопед және алматы дәрігерлерді жетілдіру мемлекеттік институтының «Неврологияның өзекті мәселелері» бойынша түрлі сертификаттардың қосымша оқу біліктілігін оқыған.
Иә, біле білсек, мамандығына шын берілген дәрігер халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға саналы ғұмырын арнады. Дәрігер Ахмат Мамытұлы да сондай жандардың бірі еді. Дәлірек айтсақ, мамандығына мансап деп қарамай, адамгершілік парызым деп білді. Кәсібіне жүгінген көп жандардан ақыл-кеңесін аямайды. Осындай ұстанымымен ол әріптестерінен бөлек, қарапайым тұтынушының да құрметіне бөленіп келді.
Дәрігер-туралы замандастары:
«Дананың аты, жақсының аты өлмейді» деген. Ахмат Мамытұлы өз ісінің білгірі еді. Байсалды мінезімен, қарапайымдылығымен ерекше еді. Біздің аудан үшін орны бөлек дәрігер еді десек артық емес. Жауапкершілігі мол, қызметіне адал, антына берік азамат еді. Сондай-ақ ол өзінен кейін еріп келе жатқан жас мамандарға білгенін үйретуден аянып қалмады. Әрдайым жол сілтеп, кеңес беруге даяр болатын,-дейді.
Сыдығалиев Ахмат Мамытұлы ның мезгіл- сіз қазасына орай отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Түстік жұрты тұйғын тұлғасын ұмытпайды.
«Нұртілеу» ЖШС-нің және «Бастилия» медициналық орталығының ұжымдары