Тоғызкент ауылдық округі әкіміне үміткерлер

0

                                                   БЕЙСЕН ОЛЖАС ӘБИІРБЕКҰЛЫНЫҢ

                                                       САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Бейсен Олжас Әбиірбекұлы 27 қаңтар 1993 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім.
1999-2010 жылы Жаңатас қаласы, М. Әуезов атындағы орта мектепте оқыдым.
2010 – 2014 жылдары Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Ғылыми тарих» мамандығы және 2014-2016 жылдары Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «Заңгер» мамандығын алып шықтым.
Алғашқы еңбек жолымды 2014 жылы Жаңатас қаласы әкімінің аппаратында жастар тәжірибесі бойынша қызмет атқардым.
2015 жылдың мамыр айынан бастап Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінде нұсқаушы маман болдым.
2016 – 2020 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2020 — 2024 жылдары аталған бөлімнің сектор меңгерушісі қызметтерін атқардым.
2024 жылдың қараша айынан бастап Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық, кейіннен аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бас инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы қызметін атқарып келемін.
Отбасылымын, 3 қыз тәрбиелеудемін.

Құрметті сайлаушылар!
Менің Тоғызкент ауылдық округі әкімі лауазымына кандидатурамның ұсынылуына байланысты ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиісті міндеттерді орындауды алдыма мақсат етіп қойдым.
Жергілікті биліктің негізгі басымдығы халықты тыңдайтын мемлекетте әр азамат өзін қауіпсіздікте екенін сезінуге, тұрмыс сапасын жақсартуға, адамдар арасында барлығына тең мүмкіндіктер бере отырып мемлекеттің ашықтығын қамтамасыз ету.
Осы ретте, Тоғызкент ауылдық округінің перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын.
Менің сайлауалды бағдарламамда осы мәселенің барлығын кезең-кезеңімен жүзеге асыру қамтылып отыр:
1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында көрсетілген ауыл әкімінің құзыретіне жататын жұмыстардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Әсіресе әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде белсенді позицияны ұстана отырып мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері мүлтіксіз және толық көлемде орындау.
2. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу.
3. Тұрғындар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйде немесе интернет желісімен қамтылған кез-келген орында отырып алу мүмкіндігін насихаттау;
4. Ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне мүмкіндігінше қолдау көрсету;
5. Жаңа жұмыс орындарын құру, халық көп тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін ұлғайту, шағын және орта бизнесті дамыта отырып халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді ұйымдастыру;
6. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың қызметінің тиімділігін арттыру, оларға қатысатын азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін молынан тартуды жандандыру;
7. Денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін заманауи спорт алаңшаларын және бүлдіршіндер үшін ойын алаңшаларын орналастыру;
8. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, округ тұрғындарының санасында құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру;
9. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуге ықпал ету. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыру.
Құрметті сайлаушылар!
Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.
Сіздердің сенімдеріңізге ие болу мен үшін үлкен құрмет және жауапкершілік деп түсінемін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.