Тоғызкент ауылдық округі әкіміне үміткерлер

0

                                                         ЖҰМАТАЕВ ҮСЕН ЖҮСІПБЕКҰЛЫНЫҢ

                                                             САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Жұматаев Үсен Жүсіпбекұлы 1990 жылы 23 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келгенмін.
1996 жылы Ж.Отарбаев атындағы орта мектебіне 1-сыныпқа барып, 2008 жылы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебін бітірдім.
2008-2012 жыл-Жамбыл гуманитарлық техникалық университетіне оқуға түсіп, туризм мамандығын бітіріп шықтым.
Еңбек жолымды 2013 жылы 10 қаңтарда Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Сарысу жастары» КММ-нің-нұсқаушы маманы болып бастадым.
2016 жылы 28 сәуірде Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің-кеңесшісі, сол жылы қараша айында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің-жастар ісі жөніндегі инспекторы, 2019 жылы қазан айында Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-нің-жетекші маманы, 2019 жылы желтоқсан айында Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-нің-бас маманы, 18.09.2023 жылы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-нің-өткеру ісі жөніндегі инспекторы, 04.01.2024 жылы Игілік ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-нің-өткеру ісі жөніндегі инспекторы қызметтерін атқарғанмын. Ал қазіргі таңда Игілік ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-нің -бас маманы болып жұмыс атқарудамын.
2015 жылы отау құрып, 3 қыз тәрбиелеудемін.

Құрметті Тоғызкент ауылдық округінің тұрғындары!
Мен, Жұматаев Үсен Жүсіпбекұлы, Тоғызкент ауылдық округі әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсына отырып, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, мәдени және рухани өмірін жандандыруға өз білімім мен тәжірибемді жұмсауды мақсат етемін.
Ауылдың өсіп-өркендеуі мен болашағы-әрбір азаматтың еңбегі мен бірлігінде. Осы орайда менің бағдарламам төмендегі бағыттарды қамтиды:
1. Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау
• «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң аясында ауыл әкімінің құзыретіне жататын міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарының қайтарымсыз мемлекеттік гранттар мен төмен пайызды несиелер алуына қолдау көрсету;
• «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындарды жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға бағыттау;
• Ауыл шаруашылығын дамыту, жылыжай шаруашылығын енгізіп, оның тиімділігін халыққа көрсету.
2. Әлеуметтік сала және инфрақұрылым
• Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының дамуына ерекше назар аудару;
• Жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін футбол және ойын алаңшаларын Тоғызкент, Әбілда және Майлыкөл ауылдарына орнату;
• Әкімшілік ғимараты жанындағы ескерткіш аумағын абаттандыру (жарықтандыру, көгалдандыру);
• «Жастар аллеясын» және «Жасыл белдеу» қорғаныш орман алқабын ұйымдастыру.
3. Ауыл шаруашылығын дамыту
•Мал басын арттыруға, малды асылдандыруға және субсидия алу жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ету;
•Мал басын кешенді емдеу мақсатында ветеринариялық аймақ (пункт, раскол, купка) салу;
•Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүйелі бақылауда ұстау.
4. Тазалық пен көркейту
•Ауылдық округ бойынша санитариялық тазалықты қамтамасыз ету, тұрақты сенбіліктер өткізу, саябақтарды абаттандыру және елді мекеннің жалпы келбетін жақсарту;
•Тоғызкент ауылдық округіне елді мекен төлқұжатын орнату, көрнекілік пен ақпараттық белгілерді жаңарту.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Ауылымыздың гүлденуі-бәріміздің ортақ мақсатымыз.
Егер сенім білдірсеңіздер, мен заңмен бекітілген ауыл әкімінің құзыреттерін абыроймен атқарып, халық мүддесі үшін адал еңбек етемін. Бірге әрекет етсек-Тоғызкенттің болашағы жарқын болады!

Leave A Reply

Your email address will not be published.