Тоғызкент ауылдық округі әкіміне үміткерлер

0

                                                      ИСАЕВ РУСЛАН БАЗАРАЛЫҰЛЫНЫҢ

                                                          САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Исаев Руслан Базаралыұлы, 1988 жылы 8 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Сарысу ауданы, Ұ.Сыздықбайұлы ауылы, Жолшыбек көшесі №18 үйде тұрамын.
Қазақстан Республикасының азаматымын.
2011 жылдың 14 мамырынан 2011 жылдың қазанына дейін №30212 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер, 2011 жылдың 31 қазаннан 2012 жылдың 27 сәуіріне дейін №27943 әскери бөлімінде танк батольенында көздеп атушы болып әскери борышымды өтедім.
Еңбек жолымды 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Сарысу жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне инструктор болып бастадым.
2015 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың сәуір айына дейін Сарысу ауданы әкімдігі ішкі сясат бөлімінің «Сарысу жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңесші маманы болып істедім.
2016 жылдың сәуір айынан Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға кеңесші лауазымына ауыстым.
2016 жылдың қарашасынан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі, 2016 жылдың 29 қарашасынан бастап «Жастар ісі жөніндегі аға инспекторы» лауазымына ауыстым.
2022 жылдың қаңтарынан бастап 2022 жылдың 27 тамызына дейін «Ақпараттық талдау» бөлімінің басшысы болып істедім.
2022 жылдың тамыз айынан бастап 2025 жылдың 16 шілдесіне дейін «Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппараты» КММ бас маманы болып істедім.
2025 жылдың 16 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін «Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің бөлімше басшысы лауазымына ауыстым.

Құрметті ауыл тұрғындары!
Мен, Исаев Руслан Базаралыұлы, қасиетті Сарысу жерінде дүниеге келіп, осы өңірдің табиғатын, елінің салтын, жерінің қадірін бойыма сіңіріп өстім. Тоғызкент ауылдық округі әкіміне үміткер бола отырып, Тоғызкент ауылының тағдырына бей-жай қарамай, оның бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті терең сезінемін.
Тоғызкент және Әбілда, Майлыкөл ауылдарының тыныс-тіршілігін жақсы білетін, ауылдың игілігі үшін еңбек етуге дайын азамат ретінде Сіздердің сенімдеріңізге ие болу мен үшін зор мәртебе.
Менің негізгі мақсатым-ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту, заң шеңберінде әділетті, ашық, тиімді басқару жүйесін орнату. Ауылда мемлекеттік басқару мен халықтың өзін-өзі басқару элементтерін ұштастыра отырып, әр тұрғынның пікірі ескерілетін, ортақ іске жұмыла кірісетін жүйе қалыптастыру.
Басты басымдықтарым:
Әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылымды жақсарту;
• Тоғызкент ауылдық округі бойынша ауыз су мәселесін қалпына келтіру;
• Тоғызкент ауылына жол бойына «LED» экран орнату;
• Ауыл көшелеріне орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату;
Спорт және жастар саясаты
• Тоғызкент ауылына волейбол алаңшасын, жабық футбол алаңын салу;
• Жастар ісі жөніндегі кеңестің жұмысын күшейту, волонтерлік бастамаларға қолдау көрсету;
Рухани және мәдени даму
• Тоғызкент ауылына арка және округтің төлқұжатын орнату;
• Тоғызкент ауылындағы бейіт қоршауын қалпына келтіру;
• Ауылдық сенбіліктер ұйымдастырып, саябақтарды абаттандыру, тазалықты сақтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту
• Мал шаруашылығын дамыту үшін қажетті субсидияларды алу бағытында шаруаларға нақты көмек көрсету;
• Қарапайым малдарды асылдандыру жұмыстарын қолдау;
• Конго-Қырым қанды безгегіне қарсы дезинфекциялық шаралардың уақытылы орындалуын бақылау;
Әлеуметтік қолдау мен қоғамдық қатысу
• Аз қамтылған отбасылар, қарттар, мүгедектігі бар адамдардың жағдайын үнемі назарда ұстау;
• Қоғамдық кеңестермен (ардагерлер, әйелдер, жастар) тығыз жұмыс жүргізіп, тұрғындардың ауыл өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау;
• Жергілікті жердегі қоғамдық бақылауды енгізу арқылы шешімдер қабылдау процесіне халықты тарту;
Құрметті жерлестер!
Ауыл-біздің ортақ үйіміз. Оны гүлдендіру-баршамыздың азаматтық борышымыз. Мен әкім ретінде әрбір тұрғынның үніне құлақ түріп, Сіздермен бірге әділетті, таза, нәтижелі еңбек етуге дайынмын.
Менің басты ұстанымым-«Халықпен бірге-халық үшін!» Сенім білдірсеңіздер, ауылымыздың жарқын болашағы үшін бар білімім мен тәжірибемді жұмсаймын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.