Абай дана — Абай дара қазақта

0

Донда Сенбин атындағы орта мектебі кітапханасында «Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жылдығына орай «Абай дана — Абай дара қазақта» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс іс- шара арқылы насихаттау.
Мектеп кітапханашысы Л. Ғалымқызы сөз алып, Абай Құнанбайұлы жайылы оқушыларға түсіндіріп өтті.
-Абай — төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын.
Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті.
Хакім Абайдың мол мұрасы — қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын амал қазынасы. Оның ой- толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды,-деді.
Іс-шарада 3-сынып оқушылары Стаханшыл Елдана «Ғылым таппай мақтанба», Елемес Самғат «Қыс», Мейрамбекұлы Иса «Құлақтан кіріп, бойды алар», Тәңірберген Жәдігер «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Ұлы ағартушының өлең жолдарын жаттқа оқыды. Ал 10-сынып оқушысы Т. Әбдікамалқызы Абай Құнанбаевтың бірінші, он тоғызыншы, отыз бірінші қара сөздерін жатқа айтты. Оқушылар ребустарды шешіп, сұрақтарға жауап берді.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері А. Құнанбайұлы жайлы кеңінен түсіндіріп өтті.
Шара соңында оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Сәулет ЕСҚАРА,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.