Гүлдене бер бас қала

0

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді мемлекеттік мерекеміз-Астана күні­мен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн, тәуелсіз еліміздің тарихында айтулы орын алар, маңызы терең мерекелердің бірі. Астана-жай ғана жарқын заманауи мегаполис емес, мемлекетіміздің жаңаруының символы. Күн сайын дамып, көркейіп келеді. Әлемдік қала құры­лысының соңғы үрдістерін көрсететін және ең батыл идеяларды жүзеге асыратын, ең батыл сәулет жобаларын жүзеге асыру орны.
Бүгінде Елордамыз еңсесін тіктеп, зәулім ғимараттар, түрлі алып нысандар бой көтеріп, ару қаланың ажарын аша түсуде. Қазақстан хал­қының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, серпінді даму жолына түскен қалаға айналды.
Елордамыз-саяси, экономикалық және әлеу­меттік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер еуразиялық кеңістіктегі орталығы болып табылады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» статусы беріліп, жарқын болашақтың керемет үлгісін таныта білді.
Астана-жастардың қаласы. Асқақ армандарға ұмтылып, мақсаттарға жетуде жастар бақытын бас қаладан іздейді. Мемлекет тарапынан жас­тарға арналған көптеген қолдаулар да жастар үшін шабытпен жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызады.
Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақыш­пен бой түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бей­несі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Астана қаласын-оның даңқты тарихы мен дәс­түр­лерін, заманауи жетістіктерін мақтан тұта­мыз. Төрткүл дүниеге төрелік айтылып, түрлі фор­мат­тардағы жиындар өткізілетін алаңға ай­нал­ған елордамыздың келешегі кемел. Жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен, нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз.
Қадірменді жерлестер!
Осынау мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбек­тер­іңізге табыс тілеймін.
Саялы Сарыарқаның төсінде бой көтерген қаламыздың ғұмыры ұзақ болсын. Еліміздің бас қаласы жайнап, гүлдене берсін!

Шаттық Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың
төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.