ҚУАТ СЕРІКХАН ӘЛІМХАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Мен, Қуат Серікхан Әлімханұлы 1994 жылы 06 ақпанда Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келдім.

2000 жылы Саудакент ауылында орналасқан Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, білім ордасын 2011 жылы тәмамдадым.

2011 жылы Тараз қаласындағы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Агроном» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына түсіп, 2015 жылы аяқтадым.

2016 жылы Қордай ауданы Отар қаласында 21450 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышымды өтеп, 2017 жылы оралдым.

2018-2023 жылдар аралығында Жаңатас қаласы әкімі аппаратында жетекші маман болып мемлекеттік қызметте жұмыс атқардым.

2023 жылдың тамыз айынан бастап Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарудамын.

Құрметті ауыл тұрғындары, сайлаушылар!

Мұнда, Сіздердің алдарыңызда отырып, Игілік ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер етіп ұсынылуым маған үлкен міндет жүктейтіндігін толық сезінемін.

Туған елдің, туған жердің өзекті өткір мәселелерін шешуге барынша атсалысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін.

Сондықтан да, Президентіміздің Қазақстан халқына арналған Жолдауында белгіленген міндеттер мен оларды жүзеге асыру жөніндегі Үкімет тапсырмаларын, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау мақсатында, округ әкімі болып сайланған жағдайда төмендегі мәселелерді жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарамын.

  1. Заңда белгіленген құзірет шеңберінде жұмыстарды жүзеге асырамын.
  2. Ауыл экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыру мен халықтың күнкөріс деңгейінің өсуі үшін барлық жағдайларды жасау.
  3. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарды үнемі назарда ұстап, көмек қолын созу.
  4. Өсіп келе жатқан ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, жастар тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу, олардың дұрыс білім алуына үлес қосу.
  5. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында олардың кәсіби білім алып, қайта даярлаудан өтуіне ықпал ету.
  6. «Қарттарым-қазынам!» деген аталы сөз бар. Ауылдық елді мекендердегі ардагерлерге, ардақты аналарға көмектесу, қамқорлық жасау, қайырымдылық, ізгілік шараларын ұйымдастыру, ауылдық ардагерлер ұйымымен ақылдаса отырып, ауыл өміріндегі өзекті мәселелерді шешу.
  7. Елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс істеп тұруын қадағалау.
  8. «Спорт-денсаулық кепілі». Аймақта салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт алаңшаларын тұрғызу және ретке келтіру арқылы, ауыл жастарының қолы бос уақытта спортпен шұғылдануына жағдай жасау.
  9. Ауыл кәсіпкерлерін, шаруаларды қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалармен қамту.
  10. Құқық бұзушылықтар мен жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі жол белгілерін және жол кедергілерін орнату, ауыл ішілік аймақтарға бейнебақылау камералын қондыру жұмыстарын жүргізу.
  11. Ауылдық округ келбетін жақсарту мақсатында елді мекендердің тазалығы мен көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жандандыруға үлес қосу.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздердің сенімдеріңізге ие болу мен үшін үлкен құрмет және жауапкершілік.

Сондықтан да, алға қойған ортақ міндеттеріміздің атқарылуы үшін, Сіздердің мені қолдайтындарыңызға сенемін.

Назарларыңызға рахмет!

Leave A Reply

Your email address will not be published.