ИГІЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР
Жанайдаров Жандос Нағашбекұлының
сайлауалды БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Жанайдаров Жандос Нағашбекұлы 1991 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылында дүниеге келдім.
2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық институтын қолданбалы математика мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2013 жылы Игілік ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып бастадым.
2013-2018 жж. Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2018-2021 жж. Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы қызметтерін атқардым.
2021 жылғы мамыр айынан бастап Игілік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.
«AMANAT» партиясының мүшесімін.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Ауданымызды көркейту барлығымыздың азаматтық парызымыз. Ауыл әкімінің тиісті заңнамаларымен бекітілген құзіретіне кіретін міндеттерді жүргізетін боламын.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Мен Игілік ауылдық округі әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсына отырып, еліміздің ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси, мәдени және рухани дамуына үлес қосуды алдыма мақсат етіп қоямын. Ауылдық округтің болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауға барлық күшім мен білімімді жұмсаймын.
— «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында көрсетілген ауыл әкімінің құзіретіне жататын жұмыстардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз және шағын кәсібін ашам деген азаматтарға берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттармен шағын несиелерді алуына сүйемелдеп ықпал етемін.
— «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, жеңілдетілген екі жарым пайыз несие алуға ауылдық округ тұрғындарына ықпал жасаймын. Жылыжай салып, оның пайдасын халыққа көрсету.
— Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салаларының дамуына және азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін заманауи спорт алаңшалары мен бүлдіршіндер үшін ойын алаңшаларын орналастыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жастар арасында спорт ойындарын өткізуді ұйымдастыратын боламын.
— Ауылдық округтің мал басы санын арттыру бағытында, соның ішінде мал басын кешенді емдеу мақсатында ветеринариялық аймақ салу жоспарда. (раскол, купка, ветеринариялық пункт ғимараты)
— Игілік ауылына клуб үйінің жаңа ғимаратын салу жоспарымда.
— Өндіріс ауылында жабық типті футбол алаңын салу жос-парлаудамын.
— Игілік ауылдық округіне төлқұжат орнату
— Игілік ауылына волейбол алаңын орнату
— Өндіріс ауылына волейбол алаңын орнату
— Өндіріс ауылындағы әкімшіліктің ғимаратының маңайындағы ескерткішті абаттандыру (тротуар)
— Өндіріс ауылындағы әкімшіліктің ғимаратының маңайындағы ескерткішті абаттандыру (көгалдандыру, жарықтандыру)
— Сарысу ауданы Өндіріс ауылындағы «Жастар аллеясын» абаттандыру
— Сарысу ауданы Өндіріс ауылына сахна орнату
— Игілік ауылына «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабын орнату
— Ауылдық округ бойынша санитариялық тазалықты қамтамасыз ету, сенбілік өткізу, саябақтарды абаттандыру жұмысын жүргізіп, елді мекен келбетін жақсартуды ұйымдастырамын.
— Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өркендеуі жолында маңызды рөль атқаратын салалардың бірі. Сондықтан ауыл тұрғындарының осы саланың дамуына көбірек тартуға күш саламын. Игілік ауылдық округі мал өсіру мен жер игеруге қолайлы, осы бағытта егістікті ұлғайту мен мал басының өсуіне бар күш-жігерімді саламын. Ондағы өнімді молайту үшін жердің құнарлығын арттыруға берілетін тынайтқыштарды алуға, ауыл шаруашылығы құрылымдарының мал басына, қарапайым малдарды асылдандыруға бөлінетін субсидияларды тиісті шаруалардың алуына толық жұмыс атқаратын боламын.
— Конго қырым қанды геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмысының орындалуын бақылауда ұстайтын боламын.
Құрметті ауыл азаматтары!
Ауданымызды көркейту барлығымыздың азаматтық парызымыз. Ауыл әкімінің тиісті заңнамалармен бекітілген құзіретіне кіретін міндеттерді жүргізетін боламын.