ОҚЫРМАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

0

Жуырда Алматыдағы «абай» баспасынан халықаралық «алаш» сыйлығының лауреа-ты, жазушы пернебай дүйсенбиннің тек қана ертегілерінен, қиял-ғажайып ертегі-хикаяттарынан құралған «елгезек ертегілер елінде» деген әсем безендірілген көлемді кітабы жарық көрді.

Бұл кітапқа жазушының республикалық, Халықаралық конкурстарда  тек ертегі жанры бойынша жүлде алған туындылары да енгізілген. 2023 жылы осы баспадан қаламгердің «Өмір иірім» атты роман-мозайкасы басылып шыққан болатын. Сол жолы баспа директоры жазушы Ақберен Елгезек Пернебай Дүйсенбинге ұсыныс жасап, ертегілер жинағын баспаға жолдауын өтінген еді. Себебі жас оқырмандар мен мектеп оқушыларының қызығып оқитын жанрлық шығармаға сұраныстың мол екендігін еске салған. Егер бұл еңбек жарыққа шықса, бүкіл республика мектептерінің кітапханаларына таратылатындығын және оның барлық шығынын баспаның өзі көтеретіндігін, авторға тиісінше қаламақы төлейтіндігін айтқан еді.

Міне, сол кітап қазір жарыққа шығып, рес-публика мектептеріне жол тартып бара жатыр. Біз де жерлесімізді осы табысымен шын жүректен құттықтаймыз.

Осы жылдың басында Пернебай ағамыздың «Ақбоз, Көкжал, Жансая апа және төрт ноян» атты мифофантастикалық хикаяты республикалық «Құлагер» конкурсының лауреаттығын иеленген еді.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.