БОРСЫҚОВ ДҮЙСЕНӘЛІ ҚЫДЫРӘЛІҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Құрметті ауыл тұрғындары!

Түркістан ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер етіп ұсынылуым маған үлкен міндет жүктейтіндігін толық сезінемін.

Туған елдің, туған жердің өзекті де өткір мәселелерін шешуге барынша атсалысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін. Сондықтан да, еліміздің Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында белгіленген міндеттер мен оларды жүзеге асыру жөніндегі Үкімет тапсырмаларын, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау мақсатында, ауыл әкімі болып сайланған жағдайда төмендегі мәселелерді жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарамын.

  1. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін:

— қарапайым заттар экономикасын жүргізу бағытында қосымша табыс көздерімен айналысуға бағытталған жұмыстарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, орындалуын қамтамасыз етуге күш саламын;

— ауылға табиғи газ тарту жұмыстарын жүргізу барысын үнемі назарда ұстауға және тұрғындардың қосылуын қамтамасыз етуге,  жергілікті жердегі шикізаттарды өңдейтін шағын цехтардың ашылуына ықпал жасаймын;

—  округтегі жарықтандыруды және жөндеуді қажет ететін көшелерді жарықтандыру,   жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті мекемелер арқылы ықпал етемін;

  1. Ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар мен балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында балалар ойын алаңын, спорт құрылғыларын орнатуға ықпал жасаймын;
  2. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетемін;
  3. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуге ықпал етемін;
  4. Ауылдық округтің ішкі және сыртқы аумағында санитарлық тазалықты қалыпты деңгейде ұстау үшін тиісті жұмыстар жүргіземін;
  5. Ауылдық округке қарасты елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, абаттандыру, көшелерге жол жүргізу, тротуарлар, бордюрлер салуға қаржының жеткілікті бөлінуіне ықпал ету, жасыл желектердің барынша көп отырғызылуын және күтіп бапталуын іске асыру бағытында жұмыс жүргіземін;
  6. Тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттарының қысқы жылыту маусымында жылумен сапалы қамтамасыз етілуін назарда ұстаймын;
  7. Ауылдық округке қарасты аумақтағы жүргіншілерге кедергі келтіретін жол бойларына қажетті белгілер мен төсеніштер орнату, көше жолдарын жөндеу жұмыстарымен айналысамын;
  8. Ашылатын жаңа жұмыс орындарының басым бөлігіне мансап орталығы мекемесімен бірлесе отырып жергілікті тұрғындарды орналастыруға ықпал етемін;
  9. Округте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, алдын алу жұмыстарын ұйымдастырамын;
  10. Округ ардагерлерімен, тұрғындармен, көше комитетінің төрағаларымен тығыз байланыста жұмыс жүргіземін;
  11. Ауыл арасында жолаушыларды тасымалдау мақсатында маршруттық автобустардың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне жұмыс жасаймын.

Құрметті ауыл тұрғындары! Өздеріңіз сенім білдірген жағдайда тұрғындардың сұраныс, ұсыныс-тілектерін жүзеге асыру мақсатында және сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді шешу жолында тиісті мекемелермен бірлесіп, жұмыс жүргіземін деп сіздерді сендіремін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.