АУДАН ӘКІМІ СӘКЕН МАМЫТОВТЫҢ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті сарысулықтар!

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні — Жыл басы!

Бұл — күн мен түннің теңесіп, жақсылық пен жарастықтың, шаттық пен шапағаттың, қайырымдылық пен ізгіліктің бастау алар күні.

Наурыз – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей мереке. Наурыз — ғасырлар қойнауынан жеткен ұлы жаңғырық. Бабалар үнін асқақтатып, оймен оралып, қанға сіңген қасиетті дәстүр.

Баршаңызды Жыл басы-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз үшін сан жылдар бойы сабақтастығын үзбеген әз-Наурыз мерекесінің орны бөлек.  Шежіресі мол қарт Қаратаудың қойнауына «Жаңа күн» келді.

Бұл күні «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп бір-бірімізге айшықты тілек айтамыз. Наурыз көжеден дәм татып, абыз ақсақалдардан  бата аламыз.  Осыған байланысты дана халқымызда: «Ұлыстың ұлы күні қазан толса, ол жылы ел қалжалы болар,  ұлы кісі бата берсе, ол жылы ел олжалы болар» деген қанатты сөз бар.

Наурыз тойы  бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесін жаңа сипатта, ерекше атап өтудің онкүндігі жарияланды. Биыл Наурыз мерекесін тойлау 14 нау-рыз Көрісу күнінен бастау алды. Осы күндері ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлеріміз, ұлттық болмысымыз дәріптелді.

Бүгінде Наурыз мерекесі татулықты ту еткен барлық этнос өкілдерінің сүйікті мерекесіне айналды.  Өйткені, Наурыз – ізгілік  пен ынтымақтың, бірліктің тойы.  Сарысу ауданының Наурыздан наурызға дейінгі аралықта қол жеткізген табыстары аз емес. Бүгінгі мейрамды аудан тұрғындары жарқын көңіл, жақсы пейілмен қарсы алып отыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл санап өсіп келеді. Халықтың әлеуетін арттырып, тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылды.  Биыл да жалғасын табады. Ең бастысы – аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуал мен  этносаралық келісім тұрақты.

Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Арық-атыздарды тазалап, тал–дарақтар отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр.

Олай болса, Сарысу өңірін жасыл желекке бөлеу баршамыздың ортақ ісіміз екенін есте сақтап, үлесімізді қосайық.

Қымбатты жерлестер!

Наурыз мейрамы бәріміз үшін аса қымбат ұлық мереке.  Сіздерді Наурыз мерекесімен тағы да құттықтай отырып, зор  денсаулық, отбастарыңызға амандық, мол табыс тілеймін!

Қызыр Ата әрбір үйге шаттық сыйлап, қуаныш пен бақыт, құт-береке әкелсін! Бұл мереке игіліктің бастауы болып, ел ырысы көбейе берсін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Мереке құтты болсын!

Ғасырлар ғұрпының жалғасы-нәруызды Наурыз!

Қадірлі жерлестер!  

Баршаңызды еңбек пен бірліктің, татулықтың бастауы болып саналатын тамаша мереке — Нау-рыз мейрамымен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні, қазақ даласына шуағын шашып келгенде бүкіл тіршілік атаулыға жан бітіп, ерекше күйге енеді. Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам.

Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Наурыз – халқымыздың тірлігі мен берекесінің көрінісі,  биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің өзегі. Табиғаттың көктемгі жаңару кезеңі, молшылық, ізгілік пен жақсылықтың нышаны.

Ұлыстың Ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Шуақты мерекеде тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Наурыз өкпе — реніштердің ұмытылатын мейірімділікке толы күн. Жүректерге жылулық сыйлап, ізгіліктің бастауы болған бұл мейрамның ұлтымыз үшін маңызы ерекше. Салт-дәстүрлеріміз жаңарып, жасампаз елдің жарқын болашағына даңғыл жол ашады. Биылғы Ұлыстың ұлы күні еліміз үшін ерекше күн, қасиетті Рамазан айымен тұспа — тұс келіп отыр. Дұға тілектердің қабыл болып, жақсылықтарға айқара есік ашқан мың айдан да қайырлы айдың Наурыз мерекесімен қатар келуі елімізге ырыс пен бақ сыйлайтыны сөзсіз.

Құрметті аудан тұрғындары!

Жер — жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктеммен бірге келген жарқын мерекеміз — Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, молшылық әкелсін.

Еліміз тыныш болсын, әрбір жаңа күн барлық отбасына бақыт сыйласын. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған рухани құндылықтарға толы әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ш.Мұсабеков,

аудандық мәслихаттың төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.