ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ-БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ
ауданда туризм саласын дамыту, туристер санын ұлғайту мақсатында қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында апта ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Б.Күзембеков ауданымызға атбасын бұрып, аудандық кітапханада
кездесу өткізді.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Басқосудың күн тәртібінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасында туризм саласы бойынша қарастырылған 4 нысаналы индикаторлардың белгіленген жоспарлы мәндерінің жыл қорытындысымен сапалы орындалуын қамтамасыз ету, аудан аумағында орналасқан қонақ үйлермен өңірге келетін туристерді тіркеу бойынша нақты статистикалық есептілікті қалыптастырып, орналастыру орындарының статистика мекемелеріне дұрыс есеп беруі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, шетел туристері үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілетіні туралы аудан әкімдігін хабардар ету, туризм саласында қызмет көрсетіп отырған туристік бизнес субьектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, аудан аумағында орналасқан инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысындағы проблемалық мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру мәселелері қаралды.
Басқосу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Б.Күзембеков «Облыс аумағындағы туризм саласы дамыту және қолдаулар туралы» жан-жақты тоқталып өтті.
Одан кейін аудандағы ескерткіштерді қорғау инспекторы К.Боранбаева аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі туралы айтып өтті.
Сонымен қатар Жамбыл облысы аудандық статистика басқармасының басшысы С.Жарқынбеков сөз алып, 2-туризм орналастыру қызметі туралы статистикалық есептіліктігін тапсыру бойынша түсіндірді.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Сәулет Есқараев,
«Sarysý»
адам саудасына жол жоќ
Ата Заңымыздың бірінші тарауында басты құндылық адамның құқығы деп анық көрсетілген. Сондықтан да адамның хақысы мен хал ахуалын жасау мемлекеттің мызғымас бір бөлшегі іспеттес ұғым. Осыған орай, аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында адам саудасы бойынша құрылған облыстық мобильді топ кездесу өткізді.
Жиынға Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов жүргізіп, сөз сөйледі: -Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын тармақтарына сәйкес мәжбүрлі еңбекті, оның ішінде балалар еңбегін пайдалануды болдырмау жөніндегі кешенді, бірлескен және (немесе) келісілген ведомствоаралық, профилактикалық және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу, құрылыс және өзге де объектілерде және т.б. адам саудасының алдын алу және өңірлерде еңбек пайдалану құрбандарын анықтау жөніндегі мобильді топтардың қызметін жүзеге асыру тапсырылған.
Ішкі істер министрлігі адам саудасының алдын алуға және өңірлердегі еңбекті пайдалану құрбандарын анықтауға бағытталған жобаны қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Жоба шеңберінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және шаруа қожалықтарында, жайылымдарда, шалғайдағы жерлерде және т.б. мәжбүрлі еңбек фактілері туралы келіп түскен хабарламаларға дереу ден қою мақсатында ауылдық жерлерге шығу үшін мобильді топтар құру көзделеді. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты осы,-деді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын тармақтарына сәйкес мәжбүрлі еңбекті, оның ішінде балалар еңбегін пайдалануды болдырмау жөніндегі кешенді, бірлескен және (немесе) келісілген ведомствоаралық, профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, құрылыс және өзге де объектілерде және т.б. адам саудасының алдын алу және өңірлерде еңбек пайдалану құрбандарын анықтау жөніндегі мобильді топтардың қызметін жүзеге асыру тапсырылған.
Осы бағыттағы облыста атқарылып жатқан жұмыстар, адам саудасына байланыс-ты қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған деректер туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы криминалдық басқармасының аға жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі полиция майоры Әділхан Шолпанқұлов баяндап, маңызды ақпараттармен бөлісіп, адам саудасына байланысты қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ, басқосу барысында аудан прокурорының орынбасары Ернұр Берікұлы және аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қуаныш Қалжанов өз сөзінде адам саудасының алдын алу, жолын кесу бағытындағы аудандағы жұмыстарға, профилактикалық іс-шараларға тоқталып, жайылымдардағы шаруа қожалықтарының жетекшілеріне жалдамалы жұмысшылармен заң аясында жұмыс жасаудың қоғам үшін маңызды екенін айтты.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»