АЛҒАШҚЫ БОЛЫП ЖАЗЫЛДЫ
Ауданның айнасына айналған «Sarysý» газетіне 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу жүріп жатыр. Құтты мекен атанған Сарысу ауданының тыныс — тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, барлық саладағы өсіп-өркендеуді кеңінен насихаттап жүрген төл басылымыңыз әрдайым жаныңыздан табылады деген сенімдеміз.
Осыған орай аудан тұрғындары, мекеме кәсіпорын қызметкерлері бір кісідей атсалысуда. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ — нің қызметкерлері жыл сайын «Sarysý» газетіне жазылуда ерекше көзге түсіп жүр. Осы мекеменің директоры А.Назарбеков өз сөзінде:
— Республикалық, облыстық газеттерге жазыламыз. Дегенмен, аудандық газеттің орны бөлек. Ауылдық округтердегі, елді мекендердегі жылт еткен жаңалық пен спортшыларымыздың, өнерпаздарымыздың жетістіктері үнемі газет бетінде орын алып келеді. Газеттің тақырып аумағы кеңіп, барлық салалар бойынша жаңа айдарлар ашылуда. Озық тәжірибе кеңінен насихатталып отырады,-деді.
«SARYSÝ-AQPARAT»