Атқарылған жұмыстар ауқымды

0

Игілік ауылдық округінде  өткен  жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Ауылдық округте шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Округ тұрғындарының көпшілігі мал өсірумен және егіншілікпен айналысу басты кәсібі.   2022 жылға егістікті тыңайту мақсатында 18 тонна амафос 4,5 млн. теңгеге алынып 120 га жоңышқалық жерге себілді. Ауыл шаруашылық техникаларын  лизингке алу бойынша 3 бірлік техникаға сұраныс берілді.

„Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба” аясында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Атап айтар болсақ жыл басынан бері Өндіріс және Игілік ауылдарында 3 мәрте жиын өтсе, аулаларды аралап түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту бағытында алдағы уақытта  кешенді жұмыстар атқарылатын болады.

Игілік ауылдық округі әкім аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.