АЙНЕКОВ НҰРЖАН ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Нұржан Дүйсенбайұлы Айнеков 1987 жылы 18 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. Білімім-жоғары.
2009 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясының «Дене шынықтыру оқыту-шысы» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2009 жылы Жаңатас қаласындағы №26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы болып бастадым.
2011-2014 жылдары Сарысу ауданындағы бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мекте-бінің әдіскері болдым. 2014-2015 жылдары осы спорт мектебінің директор орынбасары болып тағайындалдым. 2015-2022 жылдары Сарысу аудандық бокс мектебінің басшылық қызметін атқардым. 2023 жылдың маусым айынан бастап Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарудамын.
Отбасылымын, 6 бала тәрбиелеудемін.
Құрметті сайлаушылар!
Мені ауыл әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда мынадай жұмыстар атқаруға уәде беремін:
- Игілік ауылдық округін түнгі жарық шамдарымен толық қамтамасыз етуге, балалар ойнайтын және спорт алаңшаларын салу, елді мекен көшелерінің жолдарын жөндеу, ауылды абаттандыруға жұмыс жасаймын.
- Игілік ауылындағы ауыз су жүйесін күрделі жөндеуден өткізіп, ауылды толық ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмыс жасаймын.
- Игілік ауылына қарасты игерілмей жатқан суармалы жерлерді мемлекетке қайтарып, ниет білдірген тұрғындарға пайдалануға беруге жұмыс жасаймын.
- Аз қамтылған отбасыларға тұрақты түр-де әлеуметтік көмектер көрсетуге күшімді саламын.
- Шағын және жеке кәсіпкерлікті дамыту-ға, кәсіпкерлерге, шаруақожалықтарына мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға қол жеткізуіне жұмыс жасаймын. Пилоттық жоба бағдарламасыс аясында малшаруашылығының дамуын іске асырамын.
- Жұмыссыздықты азайтып, ауылдық округтің экономикалық әлеуетін арттыру мақ-сатында инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жандандырамын.
- Елді мекендерді газдандыру жұмыстарын қадағалау, тиісінше оның тұрақты және жеткілікті көлемде берілуіне ықпал етуге;
- Елді мекендерді көркейту, абаттандыру жұмыстарының сапасын арттыруға;
- Елді мекендер көшелерінің автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілуіне, барлық елді мекендер мен көшелердің жарықтандырылуына;
- Денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту арқылы халықтың денсаулығын арттыру бағытындағы жұмыстарға ықпал етуге;
- Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына көмектесуге, қоғамдық тәртіп сақталуы үшін құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті қоғамдастық және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып іс-қимыл жасауға;
- Әлеуметтік осал топтардың, көп-балалы және жалғыз басты отбасылардың материалдық жағдайларын көтеру туралы қоғамдық бастамаларға мұрындық болуға жұмыс жасаймын.
- Ауылдың экономикасының дамуының негізгі драйвері бұл ауылшаруашылық саласында мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізу. «Кеңдала» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді несиелерге қол жеткізу, ауылшаруашылық техникаларын лизингке алу жұмыстарын жандандыру, шаруа- қожалықтарының жұмысының уақыт талабына сай ұйымдастырылуын қадағалай отырып, мал басын асылдандыру, мал бордақылау алаңдарын ашып, шаруашылықтың тиім-ділігін арттыру, мемлекеттік несиелер мен субсидияларға қол жеткізу. Ауылдық округте арнайы ауылшаруашылық жануарларын емдеу орындары мен тоғытпалар жасау жұмыстарын жүргізу. Жұқпалы мал ауруларының алдын алуда қолданыстағы мал қорымдарын қалыпқа келтіру, жаңадан салғызу жұмыстарын жүргізу.
Аудандағы су тапшылығын ескере отырып «Сарыөзек» каналына бетонды науалар орнату жұмыстарын аяғына дейін жеткізу. «Тасарық» каналына бетонды науалар орнату жұмыстарын жүргізу. Ауылдың егістік алқаптарындағы тозығы жеткен бетонды науаларды, жаңа бетонды науаларға ауыстыру жұмыстарын жүргізу. Елді мекеннің ортақ пайдаланымындағы жайылымдық жерлеріне қосымша жер қосу. «Тасарық» каналына келетін суды тиімді пайдалану.
Құрметті сайлаушылар!
Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.
Ауылды көркейту бағытындағы жұмыс-тардың бастауына өз үлесіңізді қосыңыз!
Сіздерді сайлауға белсене атсалысуға шақырамын.