ҮМІТКЕРЛЕР сайлаушылармен кездесті
2025 жылғы 9 және 11 қаңтар күндері Түркістан ауылдық округі әкіміне кандидаттар М.Жұматаева мен О.Бейсеннің Түркістан ауылдық округіндегі сайлаушылармен кездесу кестесіне сәйкес Ә.Бүркітбаев, Арыстанды ауылдарында сайлаушылармен кездесуі болып өтті.
Кездесуге аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шортанбаев, комиссия мүшелері А. Дәуренбекқызы, А.Утеева, кандидаттардың сенім білдірілген адамдары қатысты.
Әкімдікке кандидаттар М.Жұматаева, О.Бейсен сайлаушыларды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып өтті.
Жиында ауыл тұрғындары әкімдікке кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, кандидаттарға ауыл, көше тазалығы және Ә.Бүркітбаев ауылында бала-бақша ашылса деген өз ұсыныстарын айтып, сәттілік тіледі.
Комиссия мүшелері сайлаушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауап берді.
Аудандық сайлау комиссиясы