БЕЙСЕН ОЛЖАСТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Құрметті сайлаушылар!

Менің Түркістан ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидатурамның ұсынылуына байланысты ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиісті міндеттерді орындауды алдыма мақсат етіп қойдым.

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы- «Халық үніне құлақ асатын» мемлекетте әр азамат өзін қауіпсіздікте екенін сезінуге, тұрмыс сапасын жақсартуға, адамдар арасында барлығына тең мүмкіндіктер бере отырып мемлекеттің ашықтығын қамтамасыз ету.

Осы ретте, Түркістан ауылдық округінің  перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын.

Менің сайлауалды бағдарламамда осы мәселенің барлығын кезең-кезеңімен жүзеге асыру қамтылып отыр:

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында көрсетілген ауыл әкімінің құзыретіне жататын жұмыстардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету жолында аянып қалмаймын. Әсіресе әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде белсенді позицияны ұстана отырып мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз және толық көлемде орындауға көңіл бөлемін;
  2. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізуді қолға аламын;
  3. Тұрғындар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйде немесе интернет желісімен қамтылған кез-келген орында отырып алу мүмкіндігін насихаттауға назар аударамын;
  4. Ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне мүмкіндігінше қолдау көрсететін боламын;
  5. Жаңа жұмыс орындарын құруға, халық көп тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін ұлғайтуға, шағын және орта бизнесті дамыта отырып халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді ұйымдастыруға күш саламын;
  6. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың қызметінің тиімділігін арттыруды, оларға қатысатын азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін молынан тартуды жандандыру негізгі міндетім деп білемін;
  7. Денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамыту және азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін заманауи спорт алаңшаларын және бүлдіршіндер үшін ойын алаңшаларын орналастыруға ықпал етемін;
  8. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, округ тұрғындарының санасында құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру жолында жүйелі жұмыс жүргіземін;
  9. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуге ықпал етіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттырамын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.

Сіздердің сенімдеріңізге ие болу мен үшін үлкен құрмет және жауапкершілік деп түсінемін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.