ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТУ ҚАЖЕТ

0

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қатысуымен мұнайлы өлке Атырау-да өткен ұлттық құрылтайында келелі ойлар мен маңызды мәселелер көтерілді. Өз сөзінде ел Президенті жұртымыздың өзіне тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керектігін, ұлттық бірегейлігіміз Мемлекеттік рәміздерде де айқын көрініс тапқандығын айтты.

Бірақ, кейінгі кезде Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлердің айтылып қалып жүргеніне тоқталды. Сондықтан, арнайы комиссия құрып, жан-жақты талқылау өткізіп, ашық байқау жариялау керек деп ойлаймын.

Өйткені, Мемлекеттік рәміздерде еліміздің болмысы нақты бейнелену керек. Ұлттық құрылтай еліміз үшін тиімді пікірталас орнына, белгілі бір адамдар ғана бас қосатын жер емес, жалпыұлттық жиынға айналды. Мәдени әртүрлілік пен тілдік дәстүрлерді сақтау мәселелеріне ерекше ден қойылған келелі жиын болды. Бұл дәл қазіргі сәтте аса қажетті шара болды. Сондай-ақ, қоғамдық шоғырландыру мен жалпыұлттық құндылықтарды дамытудың түрлі мәселелерін қамтылды.

Көрдік. Көңілге біраз түйін түйдік. Құрылтайда әртүрлі этникалық топтар арасында патриотизм мен азаматтық бірегейлікті нығайту жолдарын жан-жақты жіліктеп талқыланды.

Мемлекет басшысы: -Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді  білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар — қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады.

Яғни, алдымен ел ағалары арасында ауызбіршілік керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет, — деп бірліктің маңыздылығына тоқталды. Ендеше, экономикасын көтеруде жұмылған жұдырықтай болуымыз қажет. Бүгінде елдің еңсесі көтеріліп, болашаққа бет түзеген шақта бағдарымыз берік, мақсатымыз айқын болса біз алатын асу, бағындыратын қамал алда екеніне шүбә жоқ.

Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде татулықтың маңызы орасан зор. Еліміз өз тарихында бірліксіз тірлік қылғанда ғана қапыда қалып отырды. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды.

Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік, іштарлық, араздық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған.

Ж.Жұмаділдаев,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.