КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ӨТТІ

0

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиевтің төрағалық етуімен жетінші шақырылған аудандық мәслихатының кезекті 36-ы сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына аудан әкімі М.Сұлтанғалиев және тиісті

мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезекті 36-ы сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Олар:

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының ауданда іске асырылу барысы туралы.

Байқадам және Жаңаталап ауылдық округтер әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындаулары туралы есептері.

«2022-2024 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №19-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» шешiмiне өзгеріс енгізу туралы.

Сарысу ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы.

Аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарламашылар өздерінің баяндамаларын оқыды, депутаттар өздерінің сессиядан бұрын қазан-қараша айларында ауылдық округтер мен мәдениет  нысандарына жүргізген зерделеу жұмыстарымен таныстырды. Комиссия отырысында депутаттар сұрақтар қою арқылы әр мәселені талқылады, тиісті мекеме өкілдерінен қажетті мәліметтер алды.

Сессия отырысының онлайн-трансляциясы Aitube платформасында (Сарысу аудандық мәслихат) қолжетімді болды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.