ОТАН ҚОРҒАУ –ЕР ЖІГІТТІҢ ПАРЫЗЫ

0

Жаңатас Қаласы Қорғаныс істері  жөнін-дегі біріктірілген бөлімінде аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ж.Сақыпбековтың төрағалығымен жиын өтті.

Жиынға ауылдық округ әкімшіліктерінің әскери есеп мамандары қатысты. Басқосу барысында Жаңатас қаласының қорғаныс Істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, майор Юсуп Серіков «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына және аудан әкімінің «мерзімді  әскери қызметін өтеуге кезекті шақыртуды  ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес, көктем мерзім дегі шақырту жұмыстарын жүргізілгенін тілге тиек етті. Ал, күзгі мерзімді  әскери қызметке шақырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Жиын барысында аудан әкімдігінің аппарат басшысы  Ж.Сақыпбеков  еліміздің  тәуелсіздігі  қымбат  және жастардың бойына  патриоттық  тәрбие беру баршамыздың боршымыз екендігін атап өтті. Сонымен қатар, әскер қатарына  шақырылушылармен тиімді жұмысты  ұйымшылдықпен атсалысу керек екені  сөз болды. Сондай-ақ ауылдық округ әкімшіліктерінің  әскери есеп мамандарына тиімді жұмыс жасау керектігін айтты.

Жеңімпаз атанды

Мәдениет арқылы ұлттың бетбейнесін, рухани болмысын, жанын, ақылойын, парасатын айқындауға болады. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкендікішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.

Мәдениетел өмірінің айнасы. Ел руханиятының мәйегі мәдениетте екені бүгінгі көзіқарақты жұрт үшін айқын қағидаға айналып отыр.

Байтақ жерімізде баяғыдан бері келе жатқан басалқалы ұлттық ұстанымымыз мәдениетпен біте қайнасып, тамырын тереңге тартуы сөз жоқ ел сұранымынан, өмір талабына сай болғандығынан деп білеміз. Ауылдық округтерде өнер мектептерінің ұстаздары мен оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Соның бір дәлелі жуырда Түркістан қаласында ІІ Халықаралық «ШАБЫТ ШЫҢЫ» өнер фестивалі өткен болатын.

Осы фестивалда «Эстрадалық вокал»  жанры бойынша ерекше өнер көрсеткен Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің мұғалімі Қ.Қойгелдиева бас жүлдені жеңіп алды. Ал, оқушысы Өмірзақ Диана қатысып, Іорынмен марпатталды.

Сәулет Есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.