ЖАСТАР ӨЗГЕРІСТІ ҚОЛДАЙДЫ

0

5 маусым күні жалпыхалықтық референдум арқылы Ата Заңға енгізілген өзгеріс саяси жүйені түбегейлі өзгертуге бағытталды.

Жастардың бұл саяси науқанға қатысуы өскелең ұрпақтың жаңа қоғам құруға атсалысуы үшін берілген үлкен мүмкіндік болды.

Біз жастар дауыс бере отырып, жаңа қоғамның іргетасын қалайтынымызды түсіндік.

Алдағы уақытта жаңа кезеңге қадам басқан мемлекет үшін жастардың белсенділігі маңызды.

Ендігі кезекте алдыңғы буын мен өскелең ұрпақ бірге болуы керек.

Бүкіл халық қабылдаған шешімді жастар да қолдайды.

Өйткені, бұл өзгерістің жастардың жарқын болашағына жол ашатынына сенім мол.

А.Пазылбеков,

«Жастар ресурстық орталығы»

 КММ-і директорының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.