Рамиля чемпион атанды
Қазақша күрестен Талдықорғанда өткен Қазақстан республикасының чемпионатында Жаңатас спорт мектебінен барған жаттықтырушы, алғашқы бапкері Низами Алиевтің шәкірті Рамиля Флюрқызы Салимьянова 60 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Рамиля Флюрқызы Салимьянова қазақша күреске сегіз жасынан қатысқан. Бұдан бөлек самбодан Қазақстан Республикасының қола жүлдегері, жарыстарда қанжығасы бос қайтпаған спорт шебері.
Қазіргі таңда Тараз қаласындағы «Парасат» колледжінің спорт бөлімінің студенті. Енді Әлем чемпионына дайындық үстінде.