ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ 30 ЖЫЛ!

0

27 – ші сәуір күні Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жергілікті басқару органдарының ардагерлері майор Есмаханов Серікбек Ағайдарұлы, аға прапорщик Эгамбердиев Сыдықбек Салиұлы, Тәжік – ауған шекарасындағы жауынгерлік іс – қимылдарға қатысушы Жексенбин Өмірзақ Қадырбайұлы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуына 30 жыл толуына орай М. Әуезов атындағы мектеп — гимназия және Жаңатас қаласының көпсалалы колледжінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ардагерлер оқушыларды Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпаққа еліміздің Қарулы Күштерінің құрылу тарихы, қазіргі кезеңде атқарылып жатқан реформалар туралы кеңінен айтып берді. Ұстаздар мен жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған қанағаттандырарлық жауаптар алды. Жалпы кездесу жақсы өтті, оқушылар мен колледж білімгерлерінің дайындығы жоғары деңгейде болғаны көрініп тұр.

А. Пшаев, Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, майор  

Leave A Reply

Your email address will not be published.