ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 6 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

0

Жамбыл облысында 25 қазан ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеу бойынша шаралар бастау алды. Атаулы күнге орай бүгін облыста 6 бірдей денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Олар: Меркі ауданындағы (2), Сарысу (2), Талас және Т. Рысқұлов аудандарындағы ауылдарда ашылған дәрігерлік амбулатория, медициналық пункттер.

Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында жаңа дәрігерлік амбулаториясының ашылуын жергілікті тұрғындар көптен күткен болатын. Салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, ауылдықтарды қуанышымен құттықтады.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген нысан 25 келушіге арналған. Дәрігерлік амбулатория заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ернар Есіркеповтің айтуынша, аудандағы барлық елді мекендер медициналық нысанмен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

— Ауданымызда денсаулық сақтау жүйесі нығайып келеді. Салаға биыл 3,2 млрд.теңге бөлінген. 35 емдеу мекемелері халыққа қызмет көрсетуде. Өткен жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 305,1 млн.теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынып, қамтылу көрсеткіші 91,2 пайызға жетті,-деді Т. Рысқұлов ауданының әкімі.

Дәл осындай 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория Талас ауданына қарасты Қаратау ауылдық округінің орталығы Есейхан ауылында да пайдалануға берілді.

Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков бұл биылдыққа ашылған аудандағы үшінші медициналық нысан екенін атап өтті. Ағымдағы жылы іске қосылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибелер орталығы да – таластықтар үшін үлкен олжа.

Есейхандық тұрғындар мемлекет қолдауының арқасында игілікке қолы жеткендерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

— Жаңа дәрігерлік амбулатория енді ауылдықтардың орталыққа қатынап, уақыт жоғалтпай, тұрғылықты жерден ем алуына мүмкіндік береді, — деді ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Түзелбек Рахышұлы.

Бұдан бөлек, бұл күні Меркі ауданының Гранитогорск ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт, Тәтті ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Сарысу ауданының Әбілда ауылында бес келушіге арналған медициналық пункт, Тоғызкент ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді.

Айта кетейік, облыстың кешенді даму жос-парына сәйкес 2025 жылға дейін денсаулық саласында 76,2 млрд. теңгеге 118 жоба іске асырылып, 96 медициналық нысанының құрылысы жүзеге асады деп көзделген. Ал, ағымдағы жылы 24 нысанның құрылысына 9,4 млрд.теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, «Ауылды жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасына 2023-2024 жылдары облыста 30 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізу бойынша ұсыныс жолданған. Қазіргі таңда, 30 елді мекенде жер учаскелері анықталып, құжаттары әзірленуде.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

В Жамбылской области сданы в эксплуатацию 6 объектов здравоохранения

В Жамбылской области стартовали мероприятия, приуроченные ко Дню Республики.  Врачебные амбулатории и медицинские пункты открылись в двух селах Меркенского, двух сёлах  Сарысуского, и по одному объекту в Таласском и Т. Рыскулова районах.

В церемонии открытия новой врачебной амбулатории в селе Жанатурмыс района Т. Рыскулова принял участие аким района Ернар Есиркепов, который поздравил сельчан с праздником.  Объект, построенный в рамках программы «Ауыл-ел бесігі», рассчитан на 25 посещений.

Врачебная амбулатория оснащена современным оборудованием.

По словам Ернара Есиркепова, все населенные пункты района обеспечены медицинской инфраструктурой.

— Для развития сферы здравоохранения в этом году выделено 3,2 млрд. тенге.

Всего в районе есть 35 объектов здравоохранения. В прошлом году для центральной районной больницы на 305,1 млн. тенге приобрели медицинское оборудование, обеспеченность медицинским оборудованием составила 91,2%, — сказал он.

Врачебная амбулатория на 30 посещений была введена в эксплуатацию в селе Есейхан Каратауского сельского округа Таласского района. Аким района Нурбол Жунисбеков отметил, что это третий медицинский объект, который открывается в этом году.

Отметим, что в этом году в Таласском районе заработал центр лучших практик по оказанию первой медицинской помощи.

— Теперь жители не будут так часто ездить в районный центр. Медицинскую помощь они могут получить рядом с домом. Здесь есть всё, что нужно для оказания неотложной и экстренной медицинской помощи, — говорит председатель сельского совета ветеранов Тузелбек Рахышулы.

В этот день также введены в эксплуатацию  фельдшерско-акушерский пункт в селе Гранитогорск, врачебная амбулатория в селе Татти Меркенского района, медицинский пункт в селе Абильда, врачебная амбулатория в селе Тогызкент Сарысуского района.

Отметим, что в соответствии с Комплексным планом развития области до 2025 года в сфере здравоохранения планируется реализовать 118 проектов на общую сумму  76,2 млрд. тенге, будут построены 96 медицинских объектов. В текущем году на строительство 24 объектов выделено 9,4 млрд. тенге.

Кроме того, в рамках национального проекта «Модернизация здравоохранения в сельской местности» в области планируется построить 30 объектов здравоохранения.

Пресс-служба акима Жамбылской

Области

Leave A Reply

Your email address will not be published.