Аналық алғыс

0

Сарысу ауданы әкімінің жеке қабылдауында талай рет болып, өтініш айтып жүрміз. Өзге де сарысулық азаматтар мен азаматшалардың да айтары аудан басшысының кабинетіне қашан  кірсеңіз де сізді ет жақыны келгендей жылы жүзімен қарсы алып, келген істің мәнін түсіндіріп, оның Заң аясында болмаса шешілу жолдарын айтып, ақыл-кеңестерін беріп жатады. Ондай кезде Балабекке еріксіз риза болып, әлемдегі жақсылық атаулыны сыйға тартқың келіп кетеді. Сол жақсы сыйлықтың бірі – үлкендердің ақ батасы мен шын жүректен айтқан ақ тілегі алғысы дер едім.

Осындай отбасылық ризашылығым мен аналық ақ тілегімді мен сүйікті басылымым – «Сарысу» газеті арқылы алғысымды жеткізуді жөн көрдім.

Қанша айтқанмен, жақсылықты көңілге тоқыған адамға, ынтымақтастық, бірлік, ақыл-кеңестері алтындай бағаланады.«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген атам қазақ.                                     

  Құрметті Балабек мырза!

Мен Гүлдана Орынбекқызы Төлепбергенова 40 жылға тарта темір жол саласында, нақтырақ айтқанда қазіргі «Қаратау» тау-кен өңдеу кешеніне қарасты мекемеде бекет басшысы, диспечер, теміржолшы болып қызметтер атқарып бір орыннан зейнетке шыққан жанмын.

Түрлі ұлт өкілдерімен қызметте болдық. Отағасы Жұмабай Төлепбергенов те осы кеншілік қызметте болып, 4 баланы өмірге әкелдік. Бүгінде 4 немере сүйіп, айрандай ұйып отырған бақытты жанбыз.

Мұнымен айтпағым аудандық әкімшілікпен отбасымыздың байланыс тығыз. Ешқандай тамыр-таныссыз, бала-шаға білім алып, еліне қызмет етуге келгенде басшылық тарапынан үлкен демеу мен қолдау тапты.

Ал, Балабек мырза әкім болып келгелі аудан жаңарып, әлеуметтік-экономикалық дамуы өскенін баршамыз көріп, куә болып отырмыз.

Ал, ауданнан бөлек біздің отбасымызда аудан басшысының шарапатын көргендердің қатарында. Екі бірдей балам кезекке тұрып, жаңа пәтерге қол жеткізді. Қашанда жақсылықты ырымға балайтын халықпыз.

Жақсылықты жанұяма алып келген жыл құсындай аудан басшысы Балабек Жанбекұлына өзімнің аналық алғысымды білдіремін. Еңбекте табыс, қашанда аудан абыройын асқақтатқан азамат бол дегім келеді.

Достық осындай ойлы, көкірегі таза, арлы адамдар арқылы дәнекерлесер емес пе! «Дос тұтқанды қадірле» дейді халық. Мұндай құрметке лайық осы  қарапайым басшының шынайы азаматтық сезімі, пәк ниеті тәнті қылады бәрін. Әр этностың салт-дәстүрін сақтауға, мәдениетін өркендетуге барлық жағдайды жасап отырған, халқының жүрегіне жол таба білген аудан басшысына деген ризашылықтары шексіз.

Гүлдана Төлепбергенова, зейнеткер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.