Тіл тағдыры — ел тағдыры

0

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандай болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі — ең ұлы….

Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Қазақстан — әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек.

М.Үркімбаев, аудандық соттың төрағасы

О законе

Противодействие коррупции

На сегодняшний день проблемы коррупции является одним из главных вопросов, актуальных не только в Казахстане, но и для большинства стран мира. Коррупция не знает границ и возведена в ранг прямой угрозы национальной безопасности и в «Стратегии Казахстана-2050», Новый политический курс состоявшегося государства». Закон направлен на правовое регулирование общественных отношений, повышение степени защиты прав, свобод и законных интересов граждан от  коррупционных проявлений. Закон регулирует общественные отношения в сфере противодействия коррупции и направлен на реализацию антикоррупционной политики Республики Казахстан. Законодательство Республики Казахстан о противодействии коррупции основывается на Конституции и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.  Целью противодействия коррупции является устранение коррупции в обществе.

Достижение цели противодействия коррупции реализуется посредством решения следующих задач:

1) формирование в обществе атмосферы нетерпимости к коррупции;

2) выявление условий и причин, способствующих совершению коррупционных правонарушений, и устранение их последствий;

3) укрепление взаимодействия субъектов противодействия коррупции;

4) развитие международного сотрудничества по противодействию коррупции;

5) выявление, пресечение, раскрытие и расследование коррупционных правонарушений.

А.Борчашвили, руководитель управления юстиции, член  РОО «Союз юристов Казахстана»

Терроризм

Терроризм – күш қолдану идеологиясы мен халықты үрейлендіруге және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі.

Терроризм мен экстеризм үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 255-260 баптарында көзделген, соның ішінде терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жариялы түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немес террористік әрекетті қаржыландыру және өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, террористік не экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған.

Ж.Асан, аудандық Әділет басқармасының мұрағатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.