ХАБАРЛАНДЫРУ

0

қала тұрғындары назарына

Сарысу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы №35-9 шешіміне сәйкес, үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында Жаңатас қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында сағат 11:00-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіндігін хабарлаймыз.

Жергілікті қоғамдастық мүшелерін тіркеу сағат 10:00-де басталады.

Жаңатас қаласы әкімінің аппараты

Анықтама үшін: 6-28-88, 6-28-17.

Кедейшілік шегінің мөлшерін айқындау туралы

«Кедейшілік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылдың 31 тамыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы  2018 жылдың 11 мамырдағы №129 бұйрығына сәйкес, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайды.

Тиісті қаржы жылына арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 29698 теңге. 2019 жылдың 1 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қолданатын кедейшілік шегі 14849 теңге.

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Тегін дәрі-дәрмек кімдерге тиесілі

Тұрғындардың стационарлық және стационарды алмастыратын (емханалардың күндізгі стационарлары) деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі медицина ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес жүзеге асырылады.

Амбулаторлық кезеңде дәрі-дәрмектің тегін берілуі тіркелген амбулаториялық-емханалық ұйым(емхана, ОДА және т.б.) дәрігерінің рецептісі бойынша, амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында тұрғындарды тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық тағайындама бұйымдарының тізімі ( бұдан әрі — тізім) негізінде жүзеге асырылады.

Осы тізімге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15724 болып тіркелді.

Тұрғындардың әр санатын қамтамасыз ету бойынша, дәлірек, бүкіл дәрі-дәрмек тізімі тұрғындардың барлық санаттары үшін базалық терапияға бөлінген. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар, мекенжайы бойынша жәрдем алатындар, жасына қарай зейнетке шыққандар.

Тізімге келесі аурулар бойынша 10 дәрі-дәрмек қосымша енгізілді: Ревматоидты артрит, Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралы колит, қант диабеті, мүшелер мен тіндерді алмастыру және т.б.

а) Бронх демікпесі 2 дәрі-дәрмек: Индакатерол, ингаляцияға арналған ұнтақ, Рофлумиласт таблетка;

ә) Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралы колит — Метотрексат таблетка;

б) Қант диабеті: Глимепирид + метформин таблетка, Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ерітінді;

в) Мүшелер мен тіндері алмастырылған пациенттер үшін — метилпреднизолон таблетка;

г) Ревматоидты артрит 1 дәрі — голимумаб, инъекция үшін ерітінді;

д) Жүректің ишемиялық ауруы — Ацетилсалицил қышқылы + Клопидогрель, таблетка;

е) Жүрек қақпақшасы протезделген науқастар, тамырластыру және стентирлеу операциясынан кейін — Ацетилсалицил қышқылы + Клопидогрель, таблетка және т.б.

Емдеуші дәрігер ауруы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрған пациенттерге Тізімге сәйкес дәрі-дәрмек алуға рецепт жазып береді. Электронды рецепт айына 1 рет айлық қажеттілік мөлшерінде жазылады.

Дәрі-дәрмектер мен аурулар тізімі сондай-ақ ҚР ДМ № 666 бұйрығымен бекітілген.

Амбулаториялық дәрежеде тегін рецепттерді алу үшін емделуші аумақтық емханаға тіркелген болуы және диспансерлік есепте тұруы тиіс. рецептерді жазып беру алқаптық дәрігерлермен және медицина мекемелерінің кәсіби мамандарымен жүзеге асырылады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік, заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін. Сарысу аудандық орталық аурухана (sarysucrb.kz)сайтындағы сілтемеден толығырақ ақпаратты көре аласыздар. Сондай-ақ, 872634: 62188 байланыс нөмірі арқылы да біле аласыздар.

Аудандық орталық аурухана

Leave A Reply

Your email address will not be published.