Маман кеңестері

0

Гендерлік саясат

Қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі ретінде – гендерлік саясат болып табылады. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Гендерлік саясатты дамытудың мақсатында «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығы қабылданған. Бұл Жарлық – әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж.) ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған.

Гендерлік теңдік стратегиясы 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді.Жалпы нәтижелей келе Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процесстеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне және «паритеттік демократияның» қалыптасуына ықпал ететін болады.

Д.Кадеркулкызы, аудандық соттың судьясы

Медициналық сақтандыру

Жамбыл облысының медицина ұйымдарының халыққа көрсетілген қызметтері үшін 39 млрд. теңгеден астам қаржы төленді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд. теңге төледі.

«Биылғы жылдың 10 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, жалпы Қазақстан бойынша Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 662,4, млрд. теңге төленді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 83% пайызын құрайды. Жамбыл облысы бойынша Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 39,0, млрд. теңге төленіп, бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 84,9 пайызын құрады» — деп, түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Бокаева.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр, бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», — деді                          М. Бокаева.

Бүгінгі таңда, жалпы Қазақстан бойынша Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 642-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге артқан.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 87 медицина ұйымдары қордың жеткізушілері болып табылады, оның 47-і жекеменшік. Қордың барлық жеткізушілер тізімін fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен алуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

Борьба С коррупцией

Коррупция – не просто уголовное преступление, но и показатель как развития экономики, так и функционирования политической системы страны. Поэтому в любом хорошем страновом или маркетинговом обзоре затрагивается этот вопрос. Одной из экономических причин коррупции является низкая заработная плата государственных служащих, а также большое количество запретительных норм и высокие полномочия во влиянии на деятельность налогоплательщиков. Государственные органы по мере своего развития стремятся к открытости в работе ведомств, а также прозрачности в системе законодательства.

Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в целях реализации общенациональной программы по борьбе с коррупцией была разработана стратегия борьбы с коррупцией. Она основана на оценке ситуации и перспектив по построению высокоэффективной службы органов государственных доходов, культивированной на настроении нетерпимости к коррупции внутри органов государственной службы. Основная цель стратегии заключается в совершенствовании системы противодействия коррупции в органах налоговой службы.

Для борьбы с коррупцией в Республике сформирована законодательная база, а именно Закон «О борьбе с коррупцией», Указ Президента «О мерах по усилению борьбы с коррупцией, укреплению дисциплины и порядка в деятельности госорганов и должностных лиц», а также ряд программ, нацеленных на сокращение размеров теневого рынка, борьбу с правонарушениями в экономической сфере и так далее.Основной превентивный механизм предотвращения коррупции – это анализ рисков, внутренний и внешний, самим гос. органом и с привлечением внешних организаций таких как бизнес-ассоциации, НПО и так далее.

С еще более эффективным средством против коррупции является автоматизация государственных услуг и исключение человеческого фактора из процесса принятия решений. Это сразу снижает саму возможность возникновения коррупции. И по мере развития электронного правительства на территории Республики Казахстан ситуация улучшится.Принимаемые меры нацелены на недопущение и пресечение проявлений коррупции также в рядах сотрудников управления государственных доходов, повышение доверия населения и улучшение имиджа органов государственных доходов.

Ш.Асанова, гл.специалист УГД по

Сарысускому району

Leave A Reply

Your email address will not be published.