Газетке тағы да тегін жаздырды

0

Саудакент ауылының тұрғыны,  Саудакент метостансиясының басшысы Нұржан Есмаханов нағыз газет жанашыры. Ауылдық округте болып жатқан жылт еткен жаңалықтарды газет бетіне жариялап, қайырымдылық істерге өзінің кішкентайда болса үлесін қосып, пайдасын тигізіп жүретін азаматтарымыздың бірі.

Ауданда болып жатқан барлық жаңалықтар осы басылым арқылы жарияланып тұрады. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығына жазылым осы айдың соңына дейін жалғасатынын жариялаған болатынбыз. Жазылым барысында өзінің газетке жанашырлығын білдіріп, көпшілікке қайырымдылығын көрсете білген атымтай жомарт азамат аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және ардагерлерді он бес дана газетке тегін жаздырып берді. Естеріңізге сала кетсек, өткен 2018 жылдың жазылымы кезінде 15 дана газетке ауыл ардагерлерін, мүмкіндігі шектеулі жандарды жаздырған болатын. Міне, осындай көпке үлгі-өнеге болып, өзінің адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін көрсете білген азаматқа ардагерлердің, мүмкіндігі шектеулі, мейірімге зәру жандардың айтар алғыстары шексіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.