Ақ халатты абзал жандар

0

БАСЫМЫЗ АУЫРЫП, БАЛТЫРЫМЫЗ СЫЗДАСА ЖҮГІНЕТІН АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ТУРАЛЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТОЛҒАҚТЫ ОЙ ТЕРБЕТСЕҢ ДЕ АРТЫҚ ЕТПЕЙДІ. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ — ДЕГЕН КЕҢ ҰҒЫМ, ҚАСТЕРЛІ МАМАНДЫҚ. БҰЛ МЕРЕКЕ БАРЛЫҚ ҒҰМЫРЫН АЛҒЫСҚА ЛАЙЫҚТЫ ІСТЕРГЕ ӨЗГЕ АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРЛЕРІНЕ ҚАМҚОР БОЛУҒА АРНАҒАН ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНЕТІН КҮН.

Әрине, еңбекті адал бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік тұлға.

Маусым айының үшінші жексенбісі дүниежүзілік медицина қызметкерлерінің күні болғандықтан бұл күн денсаулық сақтау саласында қызмет ететін мамандар үшін қуанышты болып саналады. Себебі, адамның денсаулығы мен өмірінен қымбат нәрсе жоқ. «Ақ халатты абзал жандардың» еңбегі құрмет пен сыйға лайық, өйткені олар мемлекетіміздің дені сау ұрпақтарына жағдай жасауда. Қызметтерінде бірде-бір рет қателесуге қақысы жоқ, мамандық иелерінің төл мерекесі.

Қазіргі таңда, Елбасының тапсырысы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы салада аудан дәрігерлері аз жұмыстар атқарып жатқан жоқ.

Өткен аптада осыған орай, аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлері күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді. Шарада аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бағила Бегманова сөз алып, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Сонымен қатар, шара барысында бірқатар ақ халатты абзал жандар аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, қала әкімінің марапаттарын иеленді. Сонымен қатар, қызметте белсенділік танытып жүрген қызметкерлер де бағалы сыйлықтарға ие болды.

Гүлнара БАЙБОСЫНОВА,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.