Сарысу

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ 2018 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

0

Тәуелсіз  Қазақстан  дамуының  жаңа  белесінде  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  ұсынған  реформалар  аясында  билік  пен  азаматтық  қоғам   арасындағы  дәнекер,  әрі  олардың  күш-жігерін,  мұрат-мақсаттарын  бір  арнаға  тоғыстырып,  қалың  жұртшылықты  кешегі  әміршілдік үстемшілдік жүйеде  мейлінше  мемлекеттендірілген  ыңғайға  жығылғыш,  бейқам  әрі  бейжай  күйден  арылтуға  ықпал  етіп,  олардың  қоғам  ісіне  белсенді  түрде  араласуына  қол  жеткізуге,  жергілікті  мемлекеттік  және  өзін-өзі басқару  органдары  қызметінің  ашықтығын  қамтамасыз  ету қажет болатын.  Сондықтан қоғамдық  кеңестердің  қалыптасу  кезеңінде, аудандық  мәслихат  жанынан  құрылған  арнайы  комиссия  конкурстық  негізде  жасақтаған  құрамында  21  мүшесі  бар,  түрлі  сала  өкілдерін  қамтыған  Сарысу  аудандық  Қоғамдық  кеңесі құрылды. Алғашқы  адымдарымыз, оның  ішінде “Қоғамдық  кеңестер  туралы”  заң  талабынан  туындайтын  мақсаттар  мен  міндеттердің  орындалуы  жөнінде  есеп  беру  кезеңінде   не  істелді,  алда  не  істелмек? – деген  сұрақтар  туындауы  сөзсіз. Бір жыл көлемінді, істелген жұмыстарға тоқталсақ:

Бірінші  бағыт бойынша:  Қоғамдық  кеңестер  қызметінің  мақсаты  қоғамдық  маңызы  бар  мәселелер  бойынша  жұртшылықтың  пікірін  білдіру  болғандықтан  заңның  5  бабының  1,2,3  және  5  тармақтарының  талаптарына  сәйкес,  аудандық  бюджеттің  жобаларын,  олардың  орындалуын,  атқарушы  органдардың  нысаналы  индикаторларға  қол  жеткізу  туралы  есептерін  тыңдау,  аудан  әкімдігінің  азаматтардың  құқықтарына,  бостандықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  нормативтік  құқықтық  актілердің  жобаларын  әзірлеуге  және  талқылауға  қатысу.

Айтылған  талаптар  тұрғысынан  2018  жылы  аудандық   Қоғамдық  кеңес  өткізіп,  18  мәселе  қаралды.  Мазмұны  Елбасы  айқындаған  реформалар  аясында  жергілікті  мемлекеттік  органдар  атқарып  жатқан  ауқымды  істермен  сабақтаса  өріліп,  салмақты  роль  атқарғаны  даусыз.  Бұған  төменде  айтылатын  дәйектер  дәлел.

Сондай-ақ,  аудан  әкімдігінің  бұрын  қабылдаған  ауылшаруашылығы ,  денсаулық  сақтау,  жер  қатынастары,  табиғи  ресурстар  мен  табиғатты  реттеу,  білім,  мәдениет,  сәулет  және  қала  құрылысы,  жолаушылар  көлігі,  автомобиль  жолдары,  энергетика  мәселелері  жөніндегі  16-дан  астам  нормативтік – құқықтық  актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген  қаулы  жобалары  қоғамдық  кеңестің  отырысында  талқыланып,  олар  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  нұқсан  келтірмейді  деп  танылып, әрі  қарай  басқа  органдардың  қарауына  жіберілді.  Егер  Қоғамдық  кеңестің  қорытынды  тұжырымы  болмаса,  онда  азаматтардың  құқықтары  мен  еркіндігіне  қатысты  нормативтік  құқықтық  актілер  әділет  органдарында  тіркелмейтіндігі  жөніндегі  заң  талабы  орындалуда.

Елбасы  Н.Назарбаевтың  “Есеп  беретін  мемлекетті  қалыптастыру”  бесінші  реформасын  жүзеге  асыратын  Ұлт  жоспарының  99  қадамына  сәйкес  мемлекеттік  қызмет  көрсетулердің  бірыңғай  провайдері  “Азаматтар  үшін  үкімет”  мемлекеттік  корпорациясының  құрылуы  себепті  осыған  дейінгі  қабылданған  аудан  әкімдігі  бөлімдері  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  регламенттері  қайта  рәсімделуіне  байланысты  Қоғамдық  кеңес  мемлекет  тарапынан  азаматтарға  көрсетілетін   қызметтердің  30-дан  астам  регламенттерінің  жобаларын,  азаматардың  құқы  мен  бостандықтарын  сақтау,  шектемеу  тұрғысынан  зерделеп  ұсыныстар  берді.  Қоғамдық  кеңес  туралы  заңның  19  бабының  3  пунктіне  сәйкес,  кеңес  мүшелерінің  аудан  әкімдігі  жанындағы  12  комиссия  құрамына  енгізілуі  құжаттардың  дайындалу  кезеңінде-ақ  кейбір  кемшіліктерді  дер  кезінде  түзеуге  септігін  тигізіп  отырды.

Екінші  бағыт бойынша: Заңның  16  бабының  3  тармағына  сәйкес,  аудандық  Қоғамдық  кеңестің  азаматтардың  атқарушы  биліктің  қызметіне  сенім  деңгейін  арттыруға,  қоғам  мен  мемлекет  арасында  қайтымды  байланысты  қамтамасыз  етуге, әлеуметтік  шиеленістердің  оң  шешім  табуына  қатысуы.

Аудандық  Қоғамдық  кеңес  жыл  ішінде  алдын  ала  саяси  тұрақтылыққа  нұқсан  келтіріп, азаматтық  келісімге  қауіп  төндіріп  әлеуметтік  шиеленістерге  ұласып  кетуі  мүмкін   аудандағы  кейбір  проблемалардың  шешілуіне  атсалысты.  Соның   бірі  елімізде  саяси  резронанс  тудырған  «Жер  кодексіне»  енгізілген  толықтырулар  мен  өзгерістер  еді.  Аудандық  Қоғамдық  кеңестің   мүшелерінен  жасақталған  түсіндірме  жұмыстарымен  айналысатын  топтар  өткен  жылдың  мамырынан  бастап,  бірнеше  ай бойы  жер  иелерін  қамтыған  ауылдық  округтегі  кездесулерде  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізіп,  жұртшылдықтан  жазбаша  түскен шағымдарды,  кездесулерде  айтылған  ұсыныстарды  зерделеп,  тиісті  органдарға  тапсырды.

Қоғамдық  кеңес  мүшелері  халықпен  кездескенде  тек  түсіндірме  жұмыстарымен  шектелмей,  көтерілген  проблеманың  өз  мақсатына  сай,  тезірек  шешімін  табуына  ынта  танытты.  Оған  дәлел,  ылғалы  кем,  шөлейт  аудандардағы  жайылым  проблемасының  мемлекет  қарауындағы  орман  шаруашылықтарының  жерлерін  жайылым  ретінде  тұрғындарға  жалға  берудің ,  Қоғамдық  кеңестің   ықпалымен  оң  шешім  тапқаны.  Аудандағы  егістік жерлерге су  берілуінің  уақыттылығы  мен  тұрақтылығының  қалыптасуына  ықпал  ете білді.

Сонымен  бірге  жайылымдық  жерді  тиісті  мал  басымен   толықтырмағаны  үшін   жер  салықты  он  есеге  көтеру  мәселесі  үлкен  талқылауға  түсіп,  шаруалардың   жағдайына  ыңғайланды.

Жыл  ішінде  ауданымызда  болатын  науқандық шара  “қырым  қанды  безгегі ”  болса, бұған  қосымша  “шегіртке”  науқаны. Осы  шаралардың   өту  барысы мен  нәтижесі  қаралып ,  тиісті  мекемелер  есеп  берді.  Есеп  беру  барысында  ветеринария  саласы  өздерінің  жұмыстарын  тиянақты  атқарып, оқыс  оқиға  мен  қайғылы  жағдайға  орын  бермеген.

Өткен жылы ауыл  шаруашылы-ғында зиянкесті  шегірткемен  күрес өз деңгейінде  уақытылы  жүргізбеу салдарынан  көп шаруалар  зардап  шеккен еді.

Биыл бұл жағдай  қайталанбау  үшін,  алдын алу шаралары жасалынып, өз нәтижесін берді.

Үшінші  бағыт бойынша: Заңда  белгіленген  Қоғамдық  кеңестің  қоғамдық  бақылау  саласындағы  өкілеттіліктерінің  іске   асырылуы  жергілікті  мемлекеттік  және  өзін-өзі  басқару  органдарының  шешімдер  қабылдау   процесіне  азаматтардың  қатысу  мүмкіндігін  кеңейту  мақсатында  қоғамдық  мониторинг,  қоғамдық  сараптама ,  қоғамдық  тыңдау  және  мемлекеттік  орган  жұмысының  нәтижесі  жөніндегі  есептерін  тыңдау  арқылы  жүргізіледі.

Қоғамдық  тыңдау  мен  аудандық  әкімдіктің  бөлім  басшыларының  есебін  тыңдау  біздің  тәжірибемізге  еніп,  қалыпқа  түсті.  Өткен  мерзімде  Қоғамдық  кеңестің  отырысында  жоғарыда  айтылған  аудан  әкімінің  жыл  қорытындысы,  алдағы  жылдың  міндеттерін  саралай  келе, аудан  әкімдігінің  бөлімдерінің  есебін  тыңдауда  ішкі  саясат  бөлімінің  өкіметтік  емес  ұйымдарымен  жұмыс  жүргізу  барысы  қаралып,  аудандағы  қоғамдық  ұйымдарға  бөлінген  қаржыны   басқа  ауданның  қызмет  көрсетушілері  ұтып  кеткені  бұл  жағдай  біздің  ауданымыздағы  қоғамдық  ұйым  басшыларының  салғырттығы  деуге  болады. Үстіміздегі  жылы  ішкі  саясат  бөлімімен  хабарласып, тиісті  мәліметтерді  ала отырып, қаржы  бөліну  бәсекесіне  қатысу  қажеттілігін атап  айтуымыз  керек.

Ауданның  қысқы  маусымға  дайындығы  қаралып,  мемлекеттік  мекемелер  толық  дайындалып,  жеке  сектор  назардан  тыс  қалмағанның  нәтижесінде  көмір  отыны  жеткілікті болып отыр.

Елбасының Ұлт жоспары – бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасының 31-қадамында этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау бойынша ұсыным қабылдау қоғамдық кеңестерге жүктелген.Құқық қорғау органдарының  қызметкерлері мен бірлескен  отырысқа 2 мәселе күн тәртібіне шығарылды.Тиісті ұсынымдар мүдделі органдарға жіберілді.Қоғамдық кеңестің биылғы жоспарына бұған дейін қабылданған ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізуді,қала-ауыл әкімдері жұмысының нысаналы индикаторларларға қол жеткізулері туралы есептерін жергілікті жұртшылықтың қатысуымен кеңестің көшпелі отырысында тыңдауды енгізіп отырмыз. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының орындалу барысы, азық-түлік (нан, қант, сұйық май, картоп, сәбіз т.б) бағасын тұрақтандыру қорының жұмысы, ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялардың, жеңілдетілген бағамен шаруаларға босатылатын жанар-жағар май көлемдерінің адрес-ке жетіп,тиімді  жұмсалуы,суармалы жерлерге су жеткізу,ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру т.б оң шешімін табуға тиісті мәселелерді зерделеп, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарына кемшіліктерді шешуге бағытталған ұсынымдар беру қоғамдық кеңес жұмысының мазмұнын құрамақ.

Төртінші бағыт бойынша: Қоғамдық кеңес қызметінің ашықтығы мен жұмысының жариялылығын арттыру.есеп беріп отырған мерзімде облыстық Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және мемлекеттік шешімдерді,жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау әрі қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру,жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту,қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып , Қоғамдық негізде жұмыс істейтін жаңа құрылым қиындыққа қиналып қарап отырмай, өзіне берілген өкілеттіктер шегінде атқарушы билік пен бұқараның ақылдасу алаңына айналып, қоғамдық бақылаушы міндетін адал атқара береді.

М.Мизембаев, аудандық қоғамдық кеңесінің  төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.