СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІККЕ ПАТЕНТ БЕРУ

0

Селекциялық жетістікке патент беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Селекциялық жетiстiк – адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылатын, патент берiлген өсiмдiктiң жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы деген түсінікте. Селекциялық жетiстiкке құқық ҚР заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Селекциялық жетістікті шығармашылық еңбегімен жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған жеке тұлға автор болып табылады. Патент иеленуші селекциялық жетістікті пайдалану құқығын иеленеді.

Селекциялық жетістікке патент беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына бірнеше рәсімдер кіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысына көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) сараптау ұйымы кеңсесінің маманы;

2) өнер табыстары, пайдалы модельдерді және селекциялық жетістіктерді тіркеу және формальді сараптау басқармасы;

3) мемлекеттік қызметті берушінің қызметкері;

4) Мемкомиссиялар;

5) өнер табыстарды, пайдалы модельдерді және селекциялық жетістіктерді тіркеу және формальді сараптау басқармасы;

6) мемлекеттік тізілімдер және жарияланымдар басқармасы.

Көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш береді, ол «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне түседі.

Ескертпе: Көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторландырылуы керек.

Г.Айнекова, аудандық әділет басқармасының бас маманы

Үйдегі газдАн сақ болыңыздар

Қазіргі таңда газ баллондарды немесе өртке душар ететін құралдарды қауіпсіз пайдалану ережелерін орындамау – қайғылы оқиғаның негізгі себептерінің бірі.

Сол себебті  баллонды газ ошағына 0,5 метрден жақын және жылу радиаторына немесе пешке 1 метрден жақын орнатпаңыз. Мөлшерден тыс газбен толтырылған баллон жылытқан кезде /жылы үйде/ жарылуы мүмкін. Толтырылған және ақаусыз баллондарды тек мамандандырылған мекемелерден алыңыздар. Егерде Сіз осы мекемеден газды алатын болсаңыз, Сіздің тапсырмаңыз тіркеледі, ал ертең газдың өткір иісін немесе газдың сыртқа шығуының негізгі себептері болса, сіз газды сол мекемеден алғанын дәлелдей аласыз. Газ баллондарын өз бетімен орнату – қайғылы оқиғаның негізгі себептерінің бірі. Газ құрал-жабдықтарын орнатуда және жөндеуде тиісті құжаты бар мамандарға сеніңіз. Газды пайдаланып болғанда, газ құрал-жабдықтарындағы және олардың алдындағы шүмектерін жабу қажет. Ал ас үйдің ішінде баллондарды орнату кезінде баллондағы қақпақты немесе редуктор жалаушасын жабу керек. Дұрыс жанғанда жалын тыныш, көгілдір-жасыл түсте болуы тиіс. Газ құрал-жабдықтарын өз бетіңізше жөңдемеңіз. Газ құрал-жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оларға балалардың қолы жететін жағдайда қараусыз қалдырмаңыз.

Егер сіз газдың өткір иісін сезінсеңіз: шүмекті жабыңыз, үйді желдетіңіз /желорай жасаңыз/, 104 телефонымен апат қызметін шақырыңыз. Жарылысқа немесе өртке душар ететін құралдарды қауіпсіз пайдалану ережелерін орындамағандар, қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Өздеріңіз ережені біліңіздер және өз балаларыңызды үйретіңіздер. Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері : жалғастырушы түтіктің редуктормен және газ құрал-жабдығымен нығыздап жалғанбауы, майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі, оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы.

Газ бен ауаның жарылу қауіпіндегі қоспасы үлкен үйді қаусата алады. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Газ ошағын жылыту үшін пайдалануға мүлде рұқсат етілмейді. Бұрандалы қосылған жерді және баллонның редуктормен жалғасқан жерді сабын көбігімен үнемі тексеріп тұрыңыздар. Жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз.

Б.Мағыртай, аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

Мал ұрлығын болдырмайық

Аудан тұрғындарының негізгі табыс көзінің бірі мал шаруашылығы. Сондықтан, мал ұрлығы қылмысының алдын-алу және оның  деңгейін төмендету жұмысы аудандық ішкі істер қызметкерлерінің басты бағытының бірі болып есептеледі. Осыған орай, мал ұрлығы қылмыстарының ашылуы, тергелуі және кінәлілерге жаза тағайындау сот-тергеу практикасы зерттеліп, бұл бағыттағы құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін жоғарылату бағытында  үйлестіру іс-шаралары ұйымдастырылуда. Соның бірі ағымдағы жылы 5-7 желтоқсан аралығында мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында өңірлік «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарын, ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлерді Іс-шараға тарта отырып, тасымалданатын малдарды тексеру мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автомашиналардың тиісті құжаттарының бар-жоғын тексеру, құқық бұзушыларды ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, ет өнімдері сатылатын сауда орындарында, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру керектігін айтып өтті. Сонымен қатар, іс-шарада аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қ.Қапаров ауданымыздағы болып жатқан мал ұрлықтары бұл өте алаңдататын жайт екендігін, мал ұрлығына тек құқық қорғау органдары жауапты ғана емес, бұл індетті жергілікті атқару органдары, қоғамдық ұйымдар және елге жанашыр белсенділер бірігіп жасайтын іс-шаралар арқылы ғана жоюға болатындығын тілге тиек етті.

Ербол Аманғали, аудандық

полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі,

полиция капитаны

Сақтансаң сау боласын

 

ОСТЕОПОРОЗ: БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ЕМІ

Остеопороз – алдын алуға болатын және әрбір адам білуге тиіс ауру. Остеопороздың басты белгісі- сүйек тіні беріктігінің төмендеуі болып табылады. Жастың ұлғаюымен сүйек тіндерінің ыдырауы, оны түзілуіне қарағанда шапшаңырақ жүреді. Сүйек заттары коллаген сияқты протеиндерден және бейорганикалық минералдардан, негізінен кальций тұздарынан тұрады. Протеин сүйек тінінің шамамен 40%-ын, ал кальций тұздары 60%-ын құрайды. Остеопорозда бұл пропорция өзгермейді, бірақ сүйек салмағы біртіндеп азаяды.

Остеопороз өздігінен симптомсыз (яғни ауру елеусіз, айқын симптомдарсыз өтеді), адам өзінің ауру екеніне күдіктенбеуі мүмкін. Остеопороз көбіне қаңқа сүйектері едәуір әлсізденгенде болатын сынулар болған кезде ғана анықталады. Құлаған кезде кез келген сүйегі сынуы мүмкін, алайда сүйек ауруларына білезік сүйектері (Коллис сынуы), сан мойны және омыртқа көбірек сезімтал. Мұндай жағдайға егде жастағы адамдар орнықсыздау болуы және жасы ұлғайған сайын жиі құлауы жағдайды қиындата түседі.Сүйектердің сынғыштығы артады, сыну қаупі ұлғаяды.

Остеопорозға алып келетін факторларға ағзада  кальцийдің жетіспеуі жатады. Ағзаға кальцийдің тағаммен бірге жеткілікті мөлшерде түспеуі және оның сіңірілуі қиындаған жағдайда аурудың пайда болу қаупі жоғарылайды.

Біздің сүйек тініміз ұдайы жаңарып тұрады. Сүйектің ең ауыр салмақ үлесі 25-30 жас арасындағы кісілерде көрінеді. Ал 40 жастан кейін сүйек тіні әр жыл сайын өз салмағының 0.5 % жоғалтып отырады. Жас ұлғайған сайын остеопороздың есебінен сүйектің сыну қаупі жоғарылайды. Сыну қаупін артық салмақ ұлғайта түседі.

Остеопороздың алдын алу үшін тағам жеткілікті мөлшерде кальций, D витамині және нәруызға бай болуы қажет. Ол үшін сүт, ірімшік, сүзбе, балық, теңіз өнімдерін ас мәзірінде қолдану қажет. Физикалық жаттығуларды жеткілікті мөлшерде күнделікті жасау керек. Таза ауада жасалатын жаттығулар сүйек тіні беріктігін сақтайды. Жаттығулар ең аз дегенде аптасына 3-4 реттен жарты сағат жасалуы керек.

Тұрсын Асылай, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің дәрігер-интерні

Leave A Reply

Your email address will not be published.