Пробация қызметі

0

2018 жылы 23 тамызда мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік емес ұйымдардың арасында өмірлік жағдайы қиын адамдарға, яғни бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және олардың арасында түсініктеме жұмыстарды жүргізу үшін осы мемлекеттік тапсырысты аудандық «Шапағат» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі ұтып алды.

«Шапағат» мүгедектер қоғамының бірінші мақсаты  пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмекті әрқайсысының қажеттілігіне байланысты көрсету.  Алдағы уақытта қандайда туындаған мәселелер бойынша оларға  түсіндірме жұмыстары жүргізіледі және жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық «Шапағат» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі және аудандық  пробация қызметінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы 2018 жылы 27 тамызда меморандумға қол қойды.

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жұмысқа орналасуға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету және олардың арасында түсініктеме жұмыстарды жүргізу туралы ағымдағы жылы 21 қыркүйекте семинар өткізілді. Осы семинарға аудандық прокуратураның пробация қызметінің мамандары қатысты. Сонымен қатар, пробация қызметінде тіркеуде тұратын адамдар қатысты.

Іс-шараларды орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қыркүйек айында пробация қызметінде есепте тұрған  2 адам жұмысқа орналасты, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты 1 адамға 30 мың теңгеге бюджеттен әлеуметтік көмек көрсетілді. 13 азаматқа әлеуметтік бағдарламалар туралы түсіндірме ақпарат берілді. Аудандық полиция ғимаратының қасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының  33 қадамы бойынша  билборд орнатылды.Пробация қызметінде есепте тұрған адамдармен ары қарай жұмыстар жүргізіледі.

Ж.Дөненбаева, аудандық «Шапағат» мүгедектер қоғамы

қоғамдық бірлестігінің басшысы

Тұрғындар назарына

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 91-бабының 1-тармағына  2017 жылдың 15 маусымында өзгерістер енгізілген болатын. Яғни, аталмыш бап  сексеуіл екпелерінде халық өздігінен қураған сексеуіл отынын жинай алмайтынын нақтылайды. Демек, қураған сексеуіл отынын жинау мен сатуды тек мемлекеттік орман иеленушілері ғана жүзеге асырады.

Бұдан өзге, ҚР-ның 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу» №544 Заңының 32-бабына сәйкес сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің қураған сексеуіл отынын жинау мен сатуын қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салумен қатар, жеке тұлғалардың сексеуіл өнімдерін сатуға тыйым салынған.

Бүгінгі таңда, осы заңнама аясында ауылдық округ әкімдіктерінің ұсынған тізімі бойынша жүргізілуде. Яғни, мемлекеттік орман иеленушілері кеспеағаш аймағынан тыс жерлерде өздігінен құлап жерде жатқан қоқымдарды (қара шірік сексеуіл) жинайды. Сөйтіп, бір орталықтан жергілікті халықты отындық ағашпен ағымдағы жылдың 1 қарашасынан жылдың соңына дейін есептелген калькуляция негізінде халыққа ақылы түрде босатуда.

Енді, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап  қураған қара шірік сексеуіл отындарын босатудың  тоқтатылатындығын хабарлаймыз.

 О.Абубакиров,  Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ директорының  орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.