ФОРУМ

0

«Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен» атты форум Дос-бол орта мектебінде болып өтті.

Форумға  ауданнан «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Ғ.Тоқжұманова, «Досбол» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Ә.Ордабаев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы П.Алтынбеков, атааналар кеңесінің төрайымы Г.Бизақова, мектеп мұғалімдері қатысты. Форумда «Жас Ұлан» мүшелігіне бес оқушы, «Жас Қыран» мүшелігіне бес оқушы қабылданды. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың шығармашылық  және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын шыңдау мақсатында Досбол орта мектебінің  тәлімгері С.Бойтанова мен  «Ұланбасшы» Амангелді Нұрайдың ұйымдастыруымен жасұландықтарды қатыстыра отырып «Балалар әлеміндегі игі істер» тақырыбында сурет салу акциясы өткізілді. Акцияда ерекше сурет салған  3- сынып оқушылары Алғыс хаттармен марапатталды.

С.Рысбекұлы, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.