Онкүндікте

0

Үздіктер марапатталды

«Нұр Отан» партиясының  «English for jastar» жобасы аясында эссе жазудан үздіктер партия аудандық филиалының марапатына ие болды. Мектеп оқушыларына марапаттауларды партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков тапсырды.

 

Есеп беру-сайлау жиындары өтуде

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарында есеп беру – сайлау жиындары өткізілуде.

Өткізілген жиындар барысында күн тәртібінде 5 мәселе қаралуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттер, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының  2016 жылдың қарашасы мен 2018 жылдың қарашасы аралығында атқарған жұмыстары,  бастауыш партия ұйымы Бюросының мүшелерін сайлау, бастауыш партия ұйымының төрағаларын  сайлау туралы мәселелер талқылануда.

«Ақтоғай», «Жайылма», «Жаңаталап», «Жаңатас-су-жылу», «Игілік», «Орталық», «Шығанақ»,  «Арыстанды», «Аудандық мәдениет үйі», «Қаратау», «Наурыз», «Байқадам», «Жаңатас» бастауыш партия ұйымдарына өтіп жатқан жиындарға партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері Галина Мороз, Темірхан Оразбаев, Болатбек Дондаұлы, Қайрат Аукенов және Ғани Несіпбай қатысты.

 

Көрмені тамашалады

Аудандық сот ұжымы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының «Туған жерге тағзым» мақаласында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімінің, ішкі істер бөлімінің және мәдениет үйінің қолдауымен орталық кітапханада «Саялы мекенім-Сарысу» атты тақырыпта ұйымдастырылған кітаптар көрмесіне қатысты.

Сот қызметкерлері көрмедегі кітаптарды қызығушылықпен қарап, өздеріне Сарысу ауданы туралы көптеген танымды тарихтарды білді. Кітапханада «Сарысуға-90 жыл» атты тақырыптағы бұрыш жасақталған, сондай-ақ семинарлар, пресс-конференциялар, ойын-сауықтық бағдарламалар, ашылулар мен көрмелер өтіп тұрады. Ал, жобалық офистің жұмысы өмірлік ұстанымдары белсенді адамдардың, меценаттардың бастамашылдығындағы жобалардың жүзеге асуының жоғарғы деңгейіне бағдарланған. Сарысу  ауданының  90 жылдық мерейтойына орай, аудан әкімі Б.Нарбаев аудандық соттың төрағасы М.Үркімбаевқа егемендікті нығайту мен  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін мерекелік медальды тақты.

 

Медиацияның рөлі

С.Сейфуллин атындағы орта мектепте аудандық сот пен аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Жанжалды азайтудағы медиацияның рөлі» атты тақырыпта көшпелі семинар сабағы өтті.

Іс-шараға, аудандық әділет басқармасының бас маманы Г.Айнекова, аудан сотының жетекші маманы Ф.Әметова, Жамбыл облысы нотариаттық палатасының нотариусы К.Аликулова, медиатор Р.Бахова, аудан бойынша кірістер басқармасының бас маманы Е.Сұлтанғазы, АІІБ-нің тергеушісі Ә.Ермашев және мектеп мұғалімдері қатысты.

Іс-шарада Г.Айнекова 2011 жылғы «Медиация туралы» заң дауларды шешудің құқықтық негізін медиатордың қатысуымен шешу және медиацияны әлеуметтік  және құқықтық инс-титут ретінде қалыптастырғанын атап өтсе, Ф.Әметова мектептегі қақтығыстардың алдын алу, ата-аналардың рөлі қаншалықты маңызды және де жанжалды болдырмау үшін арнайы басқару сабақтардың қажеттілігі бар ма деген сұрақтарға толықтай тоқталып кетті.

Сонымен қатар, Р.Бахова «Медиация туралы» заң жеңілдетілген медиация үлгісін қамтамасыз ете отырып,  медиатор шешімді қабылдамайтындығын, дауды шешудің ықтимал нұсқаларын ұсына алатындығын және тараптардың құқықтық кеңесшісі ретінде әрекет ете алмайтындығын атап өтті. Яғни, тараптар қол жеткізілген шешімнің мазмұнын ғана емес, оны іздеу үдерісін және дауды реттеу туралы келісімдерді әзірлеуді толық бақылауда ұстай алатындығын ерекше айқындады. Іс-шараға қатысушылар пікір алмасты, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

Діни сауаттылық-уақыт талабы

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Тұрғындар және жастар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық профилактикалық іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында, Қазақстан ұйымдастырушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық-уақыт талабы», «Экстремизм мен терроризмнен еркін қоғам» тақырыбында дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар  Жаңатас қаласындағы барлық орта мектептерде және Б.Қашқынбаев, Б.Адамбаев, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектептерде өткізілді. Сондай-ақ, іс-шараларға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің теологы А.Мейірбек және аудандық теолог М.Мырзағараев қатысып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымға бой алдырмау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Аудандық Әділет басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлерімен  бірлесе отырып «Мемлекеттік қызметшіге берілген сыйлықты не істеуі керек?»  атты тақырыпта семинар кеңес өткізілді. Семинардың қатысушылары Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері.

Семинарда мемлекеттік қызметшіге берілген қандайда болсын көлемдегі кез келген сыйлықты қызметші қайда өткізу керек және қандай жолдармен?  Өткізбеген жағдайда соңы не болатынын, қандай жауапкершелікке тартылатыны жөнінде айтылып түсіндірілді.

Семинар кезінде басқарма басшысы қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы тоғызыншы басымдық осы сыбайлас жемқорлық туралы екенін айта кетті. Күннен-күнге өсіп бара жатқан парақорлардың жолын кесу тек қана іс-шаралар ғана емес, іс-әрекеттер екенін ескерте кетті. Әр адам өзінен бастау керек екенін, мемлекеттік және өзінің болашағына балта шаппауы керек екінін түсіндірді. Мекеме қызметкерлері алдағы уақытта осындай семинарлардың жиі ұйымдастырылуын қолдап, кеңінен өткізілуін сұрады. Қызметкерлердің қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Көпсалалы колледжде

Топ жетекші А.Есболаеваның ұйымдастыруымен ІІІ курс 02-16 тобымен Қазақстан Республикасының Президенті А.Ә.Назарбаевтың Қазақстан еліне 5-ші қазан күні жариялаған жолдауы бойынша «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының аясында  жас ұрпаққа Елбасының жариялаған жолдауы туралы  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше сұрақтарға жауап алынды.

***

Жаңатас көпсалалы  колледжінің АКТ залында  «Білімді-мыңды жығар» атты тақырыпта ұлдар жиналысы өткізілді. Колледж директоры Н.Түйтебаева  барлық ұл балаларға колледжішілік тәртіпке бағынып, отбасында тәрбиелеп отырған ата-аналарын құрметтеп, сыйлауға шақырды. Әрбір азамат білім ордасында саналы тәрбие алып, сапалы білім ала білуге талпыну керек екендіктерін айтып өтті. Колледж инспекторы А.Жаманбаев жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу үшін жастарды түнгі уақытта көшеде жүрмеуге, тәртіп бұзбауға, ұсақ бұзақылық әрекеттерден сақ болуға шақырды. Колледж директорының орынбасары  А.Балгобаева, колледж психологы Г.Тлепбергенова, социолог А.Есболаева  барлық топ  ұл балаларды құқық бұзушылықтың алдын алу үшін сабырлыққа, тәртіпке бағынуға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

***

Жаңатас көпсалалы колледжінде колледж социологы А.Есболаеваның ұйымдастыруымен 02-16 тобымен қыздар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Колледж социологы А.Есболаева қыз балаларды инабаттылыққа, нәзіктікке, тәртіп пен ұқыптылыққа шақырып, ақыл-кеңес беріп өтті. Тәрбие сағатына қонақ ретінде шақырылған колледждің аналар кеңесінің төрайымы Г.Жамбаева мен бастауыш пәнінің оқытушысы А.Панзабековалар өткізілген іс-шараға өздерінің ризашылықтарын айтып, қыздарымызға саналы да тәрбиелі болып өсуіне, терең білім алуына, жоғарыда айтылған өрелі міндет пен игі қасиеттерді бойына сіңіріп, биіктен көрінулеріне тілектес болды. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Балгобаева қыз балаларды тату-тәтті ұйымшылдыққа, сабырлы болуға шақырды. Іс-шара қызықты, әрі тартысты өтті.

***

Жаңатас көпсалалы колледжінде  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Балгобаева, психолог Г.Тлепбергенова, социолог А.Есболаева колледж инспекторы А.Жаманбаевтың ұйымдастыруымен 2018-2019 оқу жылына арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жыныстық сипаттағы қылмыстардың, жасөспірімдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын-алу, жасөспірімдердің бойында ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қалыптастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық топтар арасында «Колледж ережесімен таныстыру»  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Камели Сүлейменова,

 «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.