ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН

0

Аптаның дүйсенбісі күні 1-шағынауданындағы «Балауса» аула клубының қолөнер үйірмесінің жетекшісі Гүлдана Смайлова мен ағылшын тілі курсының оқытушысы Жансая Шегебаеваның ұйымдастыруымен «Біз спортшылармыз» атты эстафеталық ойын жарысы өткізілді.

Аталмыш жарыста ұлдардан құралған «Жасұлан» тобы және қыздардан құралған «Тұлпар» тобы өзара сынға түсті. Жарыс барысында ойыншылар доппен жүгіру, скакалкамен секіру, кітапты басына қойып секіру, шегіртке және қырықаяқ ойыны, шарды ауаға лақтыру сынды кезеңдерде белсенділік танытты.

Тартысты да қызықты өткен жарыс нәтижесінде ұлдардан құралған «Жасұлан» тобы жеңіске жетіп, алға шықты. Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға арнайы мақтау грамоталары табысталды.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.