ТУҒАН ӨЛКЕМ-САРЫСУЫМ

0

«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Сарысу ауданының 90 жылдығына арналған «Туған өлкем-Сарысуым!» атты тарихи кеш өткізілді. Тарихи кешке аудан мектептерінің көшбасшы оқушылары қатысты. Кешті орталықтың қосымша білім беру педагогы Гүлзира Бұзауова жүргізіп отырды.

Шарада аудандық білім бөлімінің әдіскері Бота Бетаева, аудандық кәсіпкерлер палатасының заңгері Асан Тілеміс, тау — кен өңдеу кешенінің қызметкері, ақын Құсайынов Талғат қатысып, ауданымыздың тарихы туралы кеңінен оқушыларға мәлімет берді. Кеш барысында тақырыпқа арқау болатын ауданымыздың кешегі мен бүгінгі тарихын бейнелейтін бейнефильм көрсетілді. Әр мектептен келген көшбасшы оқушылар бірі туған өлкеміз туралы жыр – шумақтарымен Сарысудан шыққан ақындарымыздың өлеңін оқыса, енді бірі әннен шашу шашып кештің көркін қыздыра түсті. Орталықтың қосымша білім беру педагогы Қ.Жұмашбеков Сарысу ауданының тарихынан сыр шертетін баяндамасымен бөлісті. Кеш соңында орталықтың директоры Ә. Үрмізов Сарысу ауданының 90 жылдығымен құттықтап, өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.