Семинар сабақ

0

Аудандық сотта «Медиация — татулық пен тұтастықтың кепілі» тақырыбында семинарлық сабақ өтті.  Іс – шараға аудандық соттың судьясы Д.Кадеркулкызы,  кеңсе меңгерушісі Г.Несипбекова, жетекші маман Ф.Әметова, аудан прокуроры Г.Жакупов және медиатор Р.Бахова қатысты.

Төрағалық етуші  судья Д.Кадеркулкызы медиацияның не екенін, оның артықшылықтары туралы жан – жақты ашып айтты. Медиация (лат.тілінен mediare   делдалдық ету) — өз ерікті келісімі негізінде үшінші бейтарап әділ тарап — медиатордың (делдалдың) көмегімен олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында дауларды соттан тыс шешу түрі туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, медиация тәсілдері, ең алдымен, ынтымақтастық арнасында келіссөздерді жүргізуге арқа сүйетіндігін медиация   бұл келіссөздер процесі, мұнда делдал-медиатор ұйымдастырушы болып келеді және тараптар тиімді шындыққа негізделген және екі жақтың да мүддесін қанағаттандыратын келісімге келетіндей келіссөздерді басқаратындығына оны орындау нәтижесінде тараптар өздерінің арасындағы жанжалдарды реттейтіндігіне сондай-ақ, медиацияның артықшылықтарына тоқталып кетті.

Медиацияның басты мақсаты — қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді, әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот өндірісінен айырмашылығы   медиация барысында «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейтіндігін алға тартты.

Іс – шара соңында төрағалық етуші жиынға келгендердің сұрақтарына толықтай жауап берді.

                                Сәулет Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.