ОНКҮНДІКТЕ

0

Жамбыл облыстық дін саласы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы, теолог Ақбай Еркебұлан және облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Арман Сарсенбаев, аудандық теолог М.Мырзағараевтың қатысуымен «Жастар және Дін» тақырыбы аясында жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Аталған кездесуге Жаңатас қаласындағы М.Әуезов, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиялары мен Абай, С.Сейфуллин және Абылай хан орта мектептерінің оқушылары жұмылдырылып, діни экстремизм мен терроризм және деструктивті діни ағымдардың қатері, дәстүрлі діндердің маңыздылығы және тағы басқа дін саласына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

***

Сарысу аудандық іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ардагерлер ұйымдарын дамытуға», «Ұлт аралық келісімді нығайту мен жастарға патриоттық тәрбие беруге», «Ауданда қоғамдық сананы жаңғыртуға», «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру» сынды қариялар мен жастар арасында кешенді іс-шаралар өтуде. Жаңатас қаласының белсенді 21қариясы мен кездесіп, ауданның 90 жылдығымен құттықтаған бірлестік төрайымы Д.Пазылбекқызы әлеуметтік тақырып аясында саналы ой, тұшымды пікірлерімен бөлісті.

Қариялар мен жастар арасында ашық пікір орнады. Шара соңында қарияларға Алғыс хаттар табыс етілді. Осындай шаралардың өтуіне тікелей атсалысқан мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Есмұрзаевқа жəне аудандық кітапханалар жүйесінің директоры С.Қожаназароваға қоғамдық бірлестік атынан Алғыс хаттар берілді.

Содан соң, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Рыспанов бірқатар қариялар сөз сөйлеп, бірлестік төрайымына алғыстарын жеткізді.

***

Жылдағы дәстүр бойынша аудан мектептерінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Осындай қайырымдылық іс-шара Қызылдиқан орта мектебінде жалпыға ортақ бірдей білім беру қорынан 2 оқушыға мектеп формасы алып берілді. Сонымен қатар, мектеп медбикесі С.Байғараева 20 мың теңге көлемінде 1 оқушыға мектеп формасын алып берді.

***

Дәл осындай «Мектепке жол» акциясы Ақтоғай орта мектебінде де жалғасын тапты. «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» атты акцияда жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ, ауыл ақсақалы С.Аппазов 10 мың теңге және жеке кәсіпкер Б.Домбаев 15 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.

***

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түгіскен орта мектебінде «Астанаға-20 жыл» және «Саялы Сарысу ауданына — 90 жыл» тақырыбымен сурет және қолөнер шығармашылық жұмыстарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, жасаған макеттері мен салған суреттері көрермендер көңілінен шықты. Атап айтқанда 8 сынып оқушылары Шардарбекова Нұрсәуле, Қалдыбек Айбала, 7 сыныптан Исмайл Аягөз, Парден Ақдана, Жұмағали Аружан, Елеусін Айбибілер салған суреттер мен макеттер мектеп әкімшілігі тарапынан марапаттауларға ие болды.

***

Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, таза сөйлеуге, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, ана тіліміздің тұғырының мықты болу негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу мақсатында «22 қыркүйек Қазақстан Респуб-ликасы халықтарының тілдері күні» мерекесі қарсаңында «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Тілім менің тірлігімнің тірегі» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке Абай атындағы орта мектебінің 8 — сынып оқушылары   қатысты.

Шара барысында орталықтың директоры Ә.Үрмізов оқушыларды тіл мерекесімен құттықтап, тілімізге құрмет көрсету әрбір патриот қазақтың жүрегінде жүру керектігін жеткізді.

Кеш барысында оқушыларға тақырыпқа арқау болатын слайд, бейнероликтер көрсетілді. Тақырып аясында мектеп оқушылары Д.Әтейбек, А.Мырзалы, А.Жүкенова, Б.Бекмағанбетова, Э.Сәрсенбековалар өз жүрек жарды өлеңдерін арнап және ұлылардан қалған ұлы сөздерді жарыса оқыды. Сонымен қатар тақырып шеңберінде «Кім шапшаң?» атты мақал-мәтел ойыны және «Ең қымбат қазына» атты көрініс қойылды. Мерекелік кеш Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

***

Сарысу ауданы Әділет басқармасы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында аудан медиаторы, нотариус, заңгерлер одағының мүшелерімен бірлесіп «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын күн тәртібіне бекітіп халықпен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

 Кездесу барысында Әділет басқармасының бас маманы Г.Айнекова Елбасының халыққа Жолдауы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылу қадамы екенін, Жолдаудың маңыздылығын, қазіргі уақытта көптеген заң өзгерістерін оның ерекшеліктерін және халық үшін қандай мақсаттармен заңға толықтырулар енгізілгендігін айтып өтті. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» тақырыбында білім, тіл мен дәстүр, мәдениетіміздің, жаңғырудың маңыздылығын нақтылап өтті.

***

Республикалық қоғамдық бірлестік Жамбыл облыстық филиалы Сарысу аудандық «Қазақстан заңгерлерінің одағы»  мүшелерінің ұйымдастыруымен Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ғимаратында «Халық заңгері» атты қоғамдық акция ұйымдастырылды.

АІІБ тергеушісі Ә.Ермашев, аудан сотының жетекші маманы Ф.Әмитова, нотариус Қ.Алиқұлова, медиатор Р.Бахова, аудандық кірістер басқармасының бас маманы Е.Сұлтанғазы қатысты. Акция барысында қала тұрғындары тегін білікті заңгерлік көмекті алуға мүмкіндік болды.

Іс-шараның міндеті  халыққа жәрдем беру, азаматтарға белгілі бір бағытты көрсете отырып, құқықтық кеңес беру. Акцияның негізгі мақсаты құқықтық көмекке мұқтаж адамдарға мүмкіндігінше заңгерлік көмек беру.

Акция нәтижесінде, өмірлік іс-әрекеттің әр түрлі салалары бойынша азаматтарды толғандырған көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке салық төлеу, жылжымайтын мүлікке мәліметтерді жасау, тегін адвокаттық көмек көрсету, айыппұл өндіру және басқа да сұрақтар бойынша мәліметтер алу.

Іс-шаралардың қорытындысы бойынша, азаматтар қатысушыларға алғыстарын білдіре отырып, осындай іс-шаралар арқылы сыбайлас жемқорлықты жойып, халықтың сауаттылық деңгейін жақсартуын атап өтті.

Гүлнара Байбосынова,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.