БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Аптаның басында «AMANAT» партия-сының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық Мансап орталығының бірлесе ұйымдастыруымен Мансап орталығының ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге мектеп-тер, мекемелер мен кәсіпорындардан түрлі бос жұмыс орындары ұсынылды. Аталмыш жәрмеңкеге 50-ден аса жұмыс іздеуші қатысты. Шара барысында аудандағы 25 жұмыс берушілерден 64 бос жұмыс орны туралы сұраныс (вакансия) ұсынылды, Ұйымдастырылған аудандық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесінде жоғарыдағы бос жұмыс орындарына 6 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Тіркеуде тұрған 8 жұмыссыз азамат жұмыс берушілермен әңгімелесуге жіберілді.
Сонымен қатар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 15 адам жолданды. Атап айтқанда:
Жастар практикасы бойынша-4 азамат, қоғамдық жұмысқа-10 азамат, «Күміс жас» бағдарламасы бойынша-1 азамат жіберілді. Жәрмеңкеге келіп жұмыс іздеген қаламыздың тұрғыны Бакирова Гульбахар: — Жұмыс іздеген адамдарға арналған мұндай жәрмеңкелер ауадай қажет. Мұндай шаралар жиі өтіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді, — деп өз пікірін білдірді.
Мамандардың айтуынша жәрмеңке айына бір рет ұйымдастырылып, мамандығы бойынша жұмыс іздеген азаматтар сұранысқа сәйкес тұрақты жұмысқа орналаса алады.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»
Компания ґкілдерімен әлеуметтік жобалар талќыланды
Ауданымыздағы ірі инвесторлардың бірі «Жел электр станциясы» ЖШС-і ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беруде.
Ауданда инвесторлар тарту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздеп, тиімді әлеуметтік жобалармен жұмыс істеу ұсынылған. Өйткені, халықтың жағдайын жасау елге келіп жатқан инвесторларға қойылатын талаптардың бірі.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов аталған компанияның өкілі Ли Жуйцзянды қабылдады. Кездесу барысында компания өкілімен қаланы көріктендіру, абаттандыру, және тұрғындардың серуендеуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында аллея жасау, елді мекенге спорттық нысан салу, сондай-ақ, тұрғындардың жағдайын жасауға бағытталған өзге де жобаларға атсалысу туралы жұмыстар талқыланды.
Өз кезегінде компания өкілі бұл жұмыстарды компания басшылығымен ақылдаса отырып, жүзеге асыратындықтарын жеткізді. Ауданымыздағы Жел электр станциясы еліміздің энергетикалық қажеттілігін шешумен қатар, екіжақты келісім арқылы ауданның дамуына жаңа мүмкіндіктер беретіндігі сөзсіз.
Аудан әкімдігі
Бірыѕєай уаќыт белдеуін енгізудіѕ маѕыздылыєы талќыланды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен еліміз бойынша бірыңғай уақыт белдеуін енгізуге қатысты жиын өтті.
Басқосуға ҚР Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бойынша жұмыс тобының мүшесі, ғалым-биотехнолог Әмір Қуат және өңіріміздің бірқатар қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы еліміз бойынша бірыңғай уақыт белдеуі белгіленуі – уақытты тиімді әрі дұрыс жоспарлауға оң әсерін тигізетінін атап өтті. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, елімізде уақытты есепке алу мәселесі бұған дейін бірнеше рет көтерілгенімен, тек былтырғы жылдан бастап қана егжей-тегжейлі зерделене бастаған. Ол өз сөзінде өткен жылы мемлекеттік органдар мен ғылыми институттардың өкілдерінен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанын жеткізіп, елімізді бірыңғай уақыт белдеуіне көшіру туралы арнайы есебінің қорытындысы ел Үкіметіне жолданғанын айтты. Кейіннен, ашық үкімет порталында «Қазақстан Республикасы аумағындағы уақыт есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына тиісті түзетулер жобасы жарияланған.
Ал, ғалым-биотехнолог Әмір Қуаттың пікірінше, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді, бұл биологиялық ритмдар мен адам денсаулығына кері әсер етеді. Оның сөзінше, уақыт белдеуін табиғи уақытқа сәйкестендіру қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға уақыт белдеуіне қатысты өзгерістер жөнінде халықты ақпараттандыру шараларын жан-жақты жүргізу керектігін баса айтты.
Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында сарапшылар 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00-00-де Астана уақытымен бірдей облыстар мен қалалардағы уақытты бір сағатқа (UTC+5) ауыстыруды ұсынған болатын. Жалпы, қазіргі таңда елімізде UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылады.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Игі жобалар жүзеге асуда
Округ бойынша аула саны – 259, халық
саны – 1902, оның ішінде: Ұйым ауылында түтін саны – 145, халық саны – 1077, Жаңаталап ауылында түтін саны – 114, халық саны – 825, Ауылдық округ бойынша 15 сәби дүниеге келіп, 7 тұрғын дүниеден өткен. халық саны 1,8 % өсті.
Арнайы жобалардың орындалуы: «Жомарт түлек» жобасы бойынша Жаңаталап және Ұйым ауылдарындағы көше атаулары берілген азаматтардың ұрпақтары мәрмәр тастан жасалған көше бағыттағыштар орнатты. Басқа да көше бағыттағыштар жаңа үлгіде демеушілер арқылы орнатылды. Жоба аясында егістік жерде орналасқан зиратты үй жануарлары араламау үшін демеушілер тарапынан зират айналасы 1,2 га көлемге 3Д панел қоршауымен қоршалды.
Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік: ауылдық округте 92 шаруа қожалығы тіркелген, оның 12-і мал шаруашылығымен айналысады, қалған 80-і егін шаруашылығы мақсатында тіркелген. Ауылдық округке 138 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 100-і «Аманат жобасы» аясында беріліп жатқан 2,5 % несие бойынша. Округте 7 азық-түлік дүкені, 1 монша, 1 желімдеу орны, 1 Қазпошта кәсіпкерлік нысандары қызмет көрсетеді. Егін шаруашылығы бойынша жалпы — 1847,9 га егістік жер көлемі бар. Оның 1791,0 га жер учаскесіне егістік отырғызылды. Атап айтқанда 400 га дәндік жүгері, 100 га көкөніс дақылдары, 119 га бақша дақылдары, 15 га картоп, 1157,0 га көпжылдық шөптер (о.і. 140 гектар жаңадан себілген). Жоспар бойынша жерді игеру көлемі – 96,9%-ды құрады.
Мал шаруашылығы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына; МІҚ –1 338 бас, қой-ешкі – 14 059 бас, (11 805 бас қой, 2 254 бас ешкі), жылқы –717 бас, түйе – 74 бас. Аталған төлем түлік үй жануарларын өсіру үшін ауылдық округ әкімі аппаратының теңгеріміне 6318,0 га көлемінде жайылымдық жерлер алынған. Жаңаталап ауылының іргесінен 2673 га жерге мемлекеттік акт алынып, үй жануарларына 1 құдық қазылып пайдалануға берілді. Ұйым ауылының іргесінен 750,0 га жер ауыл тұрғындарының үй жануарларына ұстап бағу үшін алынды. Жалпы мемлекеттің қолдауымен шаруа қожалықтары жайылымдықтардан 9 дана құдық қаздырып, пайдалануда. Ауылдық округ бойынша 6 шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық субцидия алуға 3111 бас саулық, 157 бас қошқар барлығы 3268 бас уақ малына 10,1 млн. теңгеге құжат өткізді. «Бастау Бизнес» ұлттық жобасы арқылы 1 380 000 (бір миллион үш жүз сексен мың) теңге көлемінде 6 азамат қайтарымсыз грантты алып, кәсіптерін ашып жұмыс жүргізуде. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 111 жоба жоспарланған. Бүгінгі күнге Жаңаталап және Ұйым ауылы тұрғындарынан несие алуға 115 құжат жинақталып, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мекемесіне өткізілген. Несие алған тұрғындар саны 96, алынған несие соммасы 531 041,6 мың теңге. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша «Жаңаталап 23» ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. Аталған кооперативке 2 дана YTO NLX 1334 ауыл шаруашылық тракторын және 2,7 млн. теңге айналым қаражатын алды.
Әлеуметтік нысандар бойынша: білім саласы бойынша округте 1 колледж, 2 мектеп орналасқан. Онда 4 бағыт бойынша 233 білімгер, 351 оқушы дәстүрлі білім алып жатыр. Мәдениет саласында 2 клуб, 2 кітапхана бар. Ауылдық кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтар жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарына ХҚКО қызметін көрсетеді.
Денсаулық саласы бойынша 2 ФАП орналасқан. ФАП ғимараттары 2018-2019 жылдары 10 келушіге арналып жаңадан салынған.
Сондай-ақ ветеринариялық пункт, учаскелік полиция пункті жұмыс жасайды. Әлеуметтік сала бойынша: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға, жалпы ауылдық округ бойынша 2023 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 4 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді (1 183,7 мың теңге). Бүгінгі күнге әлеуметтік көмек алушы 1 отбасы. 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап жолаушыларға жағдай жасау мақсатында «Жаңатас – Ұйым – Жаңаталап» бағытында күнделікті 2 реттік жиелікпен қызмет көрсетеді. «Жаңатас – Ұйым – Жаңаталап» бағытындағы маршрут 8:00 және 13:30 да Жаңаталап ауылынан Жаңатас қаласына шығады, сағат 12:00 және 18:00 де орталық базардан Жаңаталап ауылына қайтады.
Салық түсімдері бойынша: 2023 жылға ауылдық округте салық түсімдері 961,0 мың теңге болып жоспарланған. Жоспар 1787,7 мың теңгеге артып 186,0 % орындалып отыр. Яғни 825,7 мың теңге артық түсім түсірілді. Көлік салығы – 203,3 % (1 626,7 мың тг), мүлік салығы – 100,0 % (161,0 мың тг) орындалған. Қоғамдық көлік қатынасы мен инфрақұрылым: Ұйым ауылы, Ғ.Мұратбаев көшесіне көше жарығы орнатылды. Сметалық құны – 1 700,0 мың теңге. Ұйым ауылы Саудакент-Тараз бағытындағы жол бойындағы көше жарығы 1 шақырымға созылды. Сметалық құны – 2 698,0 мың теңге. Жаңаталап-Саудакент жол бойындағы көше жарығы 700 метрге созылды. Сметалық құны – 3 060,0 мың теңге. Жаңаталап ауылы Қ.Данияров көшесінің асфальт жабындысы төселіп, көше шамдары бағаналарымен орнатылды.Сметалық құны – 19 399,9 мың теңге. Жаңаталап ауылы Р.Сәтенұлы көшесінің асфальт жабындысы төселді. Сметалық құны – 19 559,7 мың теңге. Ұйым ауылы Б.Сағынтаев көшесінің асфальт жабындысы төселіп, көше шамдары бағаналарымен орнатылды. Сметалық құны – 27 096,4 мың теңге. Жаңаталап орта мектебіне спорт зал, акт зал, асхана құрылысы салынуда. Бүгінгі күнге асхана, акт залы спорт залы құрылысы толық аяқталды. Жақын уақытта пайдалануға беріледі.
Жоспарланған жұмыстар: Ұйым ауылында орналасқан «Жаңа кәрітоған» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құны – 329 662,0 мың теңге. Ұйым ауылында орналасқан «Сарыөзек» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құны – 193 016,0 мың теңге. Ұйым ауылынан жол бойынан 0,7 га «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабын орнату. (1500 түп тал көшетін егу жоспарлануда). Жаңаталап ауылынан StreetWorkout құрылғысын және балалар ойын алаңшасын орнату — 30х30 м. Сметалық құны – 13 098,0 мың теңге. Ұйым ауылынан StreetWorkout құрылғысын және балалар ойын алаңшасын орнату — 30х30 м. Сметалық құны – 13 098,0 мың теңге. Жаңаталап ауылына МІҚ малдарына арналған раскол салу. Жаңаталап және Ұйым ауылдарында «Тасарық» каналынан жеңіл және жүк көліктері өтетін 2 көпірге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округке қарасты Ұйым ауылына арка салу. Жаңаталап ауылының үй жануарларына тоғытпа (купка) салу. Ұйым ауылы Ғ.Мұратбаев көшесі жарығын көше шетіне дейін жеткізу. Ұйым ауылының үй жануарларына алынған 750,0 га жерге мемлекеттік акт алу және сол жерден құдық қаздыру, тоғытпа (купка) салу. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен шағын құс фермасын ашу (жұмыртқа бағытында). Жаңаталап және Ұйым ауылдарынан аялдама салу.
Т.АБДРАЕВ, Жаңаталап ауылдық округ әкімі
Арқабай қажы алған асулар
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді дана халқымыз. Олай болса жақсы адам жайлы қалам тербеген де бір ғанибет. Бүгінгі әңгімеміздің арқауы, желісін тартқалы отырған мақаламыздың кейіпкері Саудакенттік қазыналы қариялардың бірі емес бірегейі Төлмағанбетов Арқабай қажы
жайлы болмақ.
Көңіліміз жақын, сәлеміміз түзу Арекеңді өте жақсы танимын. Қара сөзден қаймақ қалқыған халқымыздың қанатты қабырғалы уәжімен айтқанда үзеңгі жолдас, замандас, бір жылғы төл құрдаспыз. Асыл анасынан арда туған Арекеңнің саналы ғұмыры, өнегелі өмірі, шыққан биігі, алған асулары көз алдымда өтіп келеді. Асқар тау әкеден, ардақты анадан жұғысты болған адамгершіліктің асыл қасиеттері Арекеңнің бойында жетерлік. Ең жақсы қасиеті «Бетегеден биік, жусаннан аласа» демекші өте-мөте қарапайымдылығы еді. Арекең де үлкен өмірдің өткелін кешті. Соқпақты сүрлеуін жүріп өтті. Керуенін тоқтатпаған үлкен өмірдің ұлы көшінде еткен еңбек, төккен тер шалғының жүзіндей шыңдады.
Арқабай Төлмағанбетов жеті жасында мектеп табалдырығын аттады. Оқушы партасына отырып, «Әліппе» бетін ашты. Әріп танып білім нәрімен сусындады. Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепті 1971 жылы тәмамдап, қияға қанат қақты. Арман асуларына құлаш сермеді. Еңбек жолын №2009 жылжымалы механикаландырылған колоннада қарапайым жұмысшы мамандығымен бастады. Еңбектен қол үзбей жүріп шопырлық курсты оқып бітірді. Жүргізуші куәлігін алған соң аудандық санитарлық эпидемиялық станциясы мекемесінде темір тұлпарға тақым басты. Өзіне бекітілген техниканы ұршықша иіріп, жол апшысын қуырып жүргенде әскер қатарына шақырылды. Отан алдындағы азаматтық екі жылдық әскери борышын абыроймен орындап елге оралды. Отансүйгіш, патриоттық сезімге баулыған әскери өмірден жастық жігерін жанып, қайратын қайрап қайтты. Еңбек жолын жүргізуші мамандығымен аудандық тұтынушылар одағында жалғастырды.
Арекең бозбала жастан өмірге ғашық, білімге құштар еді. Жоғары білім алсам ба деген арманы да орындалды. 1974-1979 жылдар аралағында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында оқып, инженер-механик мамандығын алды. 1979-1987 жылдар аралығында сол тұстағы аудан орталығы Байқадам ауылындағы Байқадам автокөлік кәсіпорнына қатардағы механик мамандығы бойынша жұмысқа қабылданып, автокөлікті пайдалану бөлімінің бастығы лауазымына дейін көтерілді. 1986-1989 жылдар ішінде Сарысу аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1989-1993 жылдар аралағында Сарысу аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының автокөлік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды. 1993-1997 жылдары автокөлік кәсіпорны «Ақбота» акционерлік кәсіпорны қоғамы болып құрылуына байланысты осы қоғамның президенті болып сайланды. 1997-2001 жылдарды Қаратау өндірістік комбинатында шебер, 2002-2007 жылдар ішінде жеке кәсіпкер, 2008-2013 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Сарысу аудандық аумақтық инспекциясының инспекторы, бастықтың орынбасары, 2013-2018 жылдар аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінде бас маман қызметтерін абыроймен атқарды. 2017 жылы зейнет демалысына шыққан Арекең осы уақытқа дейін «АрНұр-Б» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келеді.
Бәрі де айтуға оңай. Осы еңбекпен өрілген жылдар ішінде Арекең аянып қалған жоқ. Өрелі істерді еншілеген көптің ортасында тер төге еңбек етті. Білімі мен біліктілігі басшылық қызмет атқарған өтпелі кезең жылдарында жарық жұлдыздай жарқырады. Балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен тұста Арекең нардың жүгін арқалады. Қосшымен терезесін тең ұстады. Тізе қоса еңбек етті. Басшымын деп кісілік танытқан жоқ. Үлкенге құрметін, кішіге ізетін үзбейтін қарапайым дархан мінезінен айнымады. Қарамағындағы жүргізуші, жұмысшы қызметкерлердің отбасы тұрмыстық жағдайларына ерекше көңіл бөлді. Бірлік бар жерде береке бар. Ортақ іске жұдырықтай жұмылған ұйымшыл ұжыммен бірге нарық қыспағы құрған тұзақты, қиындықтың қылбұрауын жігерін жанып, қайратын қайрап үзе білді.
Арқабай Төлмағанбетов мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған жылдарда да білімділігі мен іскерлігін іс жүзінде дәлелдеді. Мемлекеттік қызметте берген антына адалдық танытты. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман қызметтерін асқан жауапкершілікпен атқарып, абырой мен құрметке бөленді.
Шынайы шындықты айтқанда Арекеңді тектінің тұяғы, асылдың сынығы десе де болады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаса керек. Енді ұшқан ұясы жайлы да бір үзік сыр шерткеніміз де жөн болар. Жас кезімізде көзіміз көрді. Асқар тау әкесі Төлмағанбет қария, асыл анасы Шәйі апамыз еліне елеулі, халқына қалаулы жандар болды. 1906 жылы жарық дүние есігін ашқан Төлмағанбет қарияның жалын атқан жастық шағы өткен ғасырдағы төрткүл дүниені дүр сілкіндірген қиын-қыстау кезеңдермен тұспа-тұс келеді. 16 жастан асқанда сауатсыздықты жою мектебінен білім алып хат таниды. Көзі ашық, көкірегі ояулығын іскерлігімен танытады. Комсомол, партия қатарына өтеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Ажалдың қақпанды ауызын арандай ашқан ашаршылық жылдары аңшылар бригадасын ұйымдастырып өзі басқарады. Ауланған аң, құспен көптеген отбасыны ажалдың қанды шеңгелінен құтқарады.
Еті тірі, өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңып шыңдалған жігіттің іс-қимыл, әрекеттері аудан басшылығы назарынан тыс қалмайды. «Еңбек», «Жаңа жол» колхоздарының партия ұйымдарын басқарады. Аудандық партия комитетінің ұйғарымымен 1940 жылы Шымкент қаласындағы колхоз қызметкерлерін білім көтеру қурсында оқып келеді. «Еңбек» колхозына төрағалық етіп жүргенінде Ұлы Отан соғысы басталып әскер қатарына шақырылады. Өскен елін, туған жерін қорғау үшін бес қаруын асынып, майдан даласының алғы шебіне аттанады. 1943 жылы жан алысып, жан беріскен қиян-кескі ұрыстың бірінде ауыр жараланады. Госпиталда алты ай емделіп, үшінші топтағы мүгедектікпен елге оралады. Сұрапыл соғыс таңбалаған тән жарасы жасыта алған жоқ. Еңбек майданына белін бекем буып кіріседі. Көп жыл «Еңбек» колхозын, кейіннен қой фермасын басқарады. Еңбек бәсекесінде бағы жанған Төлмағанбет қария киелі шаңырақтың отағасы, берекелі жанұяның жапырағын жайған бәйтерегі де болды. Құдай қосқан қосағы Шәйі апамыз алтын құрсақты ана болды. Жеті ұл мен үш қызға әлемнің жарығын, өмірдің қызығын сыйлады. Бозбала кезімізде көзіміз көрген Шәйі апамыз өте балажан, мейірімді кісі еді. Нұрлы жүзінен мейірім шуағы шашылып тұрушы еді. Төлмағанбет қария мен Шәйі апамыздан тараған ұрпақтар бүгінде бір қауым ел, жұртшылық таныған әулет. Төлмағанбет қария мен Шәйі апамыз кейінгі жылдары қара қазан, бала-шаға қамымен Калинин атындағы совхозда бір отар қой бақты. Отардан отар өргізіп, таяғы құтты, шамшырақ шопандар атанды. Мал басын өз төлі есебінен өсіруде ерлікке пара-пар еткен еңбектері аудандық, облыстық мерзімді басылым беттерінде жиі жарияланып тұрды. Арқалы ақынның аудандық газеттен Шәйі апамызды жырға қосып, шабыттана жазған өлеңін де оқыдық. Тұңғыш перзенттері бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Кеңесбек ағамыз өнегелі өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнады. Ұзақ жылдар Әйтеке би (бұрынғы В.И.Ленин) атындағы орта мектепті басқарды. Екінші ұлы Қуанышбек көрші Талас ауданының қаржы бөліміне зейнет демалысына шыққанша жетекшілік етіп, ел құрметіне бөленді. Әйтеуір үкілеп өсірген ұлдары Кеңесбек, Қуанышбек, Аралбай, Арқабай, Қалдыбай, Майлыбай, Қырықбайлардың осалы болған жоқ. Әрқайсысы өз мамандықтарының хас шебері, майталмандары болды. Осындай отбасы, қыдыр қонып, ырыс береке дарыған жанұядан тәлім тәрбие көріп өскен Арқабайдың өмірдің ұлы көшінде белестерді бағындырып, асуларды алуы заңдылық еді. Арқабай Төлмағанбетов түтіні түзу шыққан алтын бесік ауылдың қызы Дәулетова Мейрашпен жұлдызы жарасты, тағдыры тоғысты. Отау үй тіккен қырық бес жыл ішінде өмірдің қызығы мен қиындығын тең бөлісіп, үйлі-жайлы, балалы-шағалы болды. Мейраш та ауданымызға танымал ақ халатты абзал жанның бірі атанды. Ақтөбе медицина институтын акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітірген Мейраш сүйікті мамандығымен ел-жұртының құрметіне бөленді. Қатардағы дәрігерден ауданның бас акушер-гинекологы қызметіне дейін көтерілді. Жарық дүние есігін іңгәлап ашқан мыңдаған нәрестенің кіндік шешесі атанды. Ата-аналардың ақ тілекті, пәк ниетті алғыстарын арқалады. Бірнеше мәрте ауылдық, аудандық кеңестің депутаты болып сайланып, халық аманатын арқалады. 2014 жылы зейнет демалысына шықса да ауылдағы кадр тапшылығына байланысты 2023 жылға дейін сүйікті мамандығымен еңбек етті. Отағасы Арқабай екеуі 3 ұл, 1 қызды үкідей үлпілдетіп өсіріп, мақсаттарына жеткізді. Бәрі де жоғары білім алды. Қонысы мен өрісін тапқан ұл-қыздарынан бүгінде 15 немере сүйіп, бақыт құшағында тербелген ардақты ата, асыл әже атанды. Тұңғыш перзенттері Тараздағы қызы Бағлан Жамбыл облыстық иммунтапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының менеджері. Алматы қаласында тұратын ұлы Әділ полиция академиясында ұстаз, шені полковник. Тараз қаласындағы екінші ұлы Радж жоғары білімді кәсіпкер. Кенже ұлы Абибулла Саудакенттегі РМК Жамбыл филиалының «Сарысу» өндірістік бөлімшесінің басшысы. Ұлы Жібек жолы бойындағы тамырын тереңнен тартқан Саудакент ауылындағы өнегелі отбасының бірі болған Арқабай мен Мейраштың ерен еңбектері де елеусіз қалған жоқ.
Арқабай Төлмағанбетов тиісті жоғары орындардан төмендегідей марапаттардың иесі болды. ҚР ауылшаруашылығы минстрлігінің Құрмет грамотасы, ҚР АШМ-ның Алғыс хаты, Сарысу ауданы әкімінің Құрмет грамотасы, ҚР АШМ мемлекетттік инспекциясы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының Құрмет грамотасы, РКБ «Қазақстан фермерлер одағының» мақтау грамотасы, Республикалық «Жас дарын» орталығының Құрмет грамотасы, «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының Алғыс хаты, Сарысу аудандық ардагерлер арасындағы спартакиадасында жеткен жетістігі үшін диплом, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақсан халқына Жолдауын қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты байқауының жеңімпазы, бірінші дәрежелі диплом, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» атты байқауының жеңімпазы, бірінші дәрежелі дипломымен марапатталып, Республикалық «Жас дарын» орталығының «Қоғам қайраткері», Жамбыл облысы әкімдігінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымына 30 жыл» мерекелік медалі, Сарысу ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығының үздігі», Сарысу ауданы әкімдігінің «Сарысу ауданының құрылғанына 95 жыл», Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» төсбелгілерін омырауына қадады. Қосылған қосағымен қоса ағарған Мейраш Қабылқызы да еңбек майданында марапаттаулардан кенде болған жоқ. Әр жылдары Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының екі мәрте Құрмет грамотасымен, Жамбыл облыстық Қызыл крест қоғамының грамотасымен, екі мәрте Сарысу аудандық ауруханасының Алғыс хатымен, Сарысу аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен, Саудакент ауылдық ауруханасының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар Мейраш Дәулетова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл, Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», Халықаралық мүгедектер одағы мен ядролық сынақ ардагерлерінің медалі, Сарысу ауданы әкімінің «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін», Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің «Сарысу ауданының құрметті ардагері» төсбелгілерімен және бірнеше сертификаттардың иегері атанды.
2018 жылдан бері Байқадам ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы боп сайланған Арекең алтын бесік ауыл өміріндегі көптеген қоғамдық игілікті істерге мұрындық әрі ұйытқысы болып жүр. Өткен жылы Арекеңнің өмірінде елеулі оқиға болды. Меккеге сапар шекті. Ел көрді, жер көрді. Мұсылмандық парызын өтеп, қажы атанып қайтты. Өнегелі өмірі еңбекпен өрілген Төлмағанбетов Арқабай қажы үстіміздегі жылдың ақпан айының 1 жұлдызында жоталы 70 жасқа толғалы отыр. Өмірден көргені, көңілге түйгені көп, елінің амандығын, жұртының тыныштығын тілеген ауыл ардагерлерінің көшбасшысы болып жүрген қазыналы қарияны мерей жасымен құттықтаймыз.
Темірлан Әбілдаев,
ардагер журналист
Зейнетаќы мен жәрдемаќылардыѕ ґсуі туралы
«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасынас әйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)-3 692 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД)-43 407 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге.
Жасына және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін алыптұрған зейнеткерлерге 9 % — пайызға көбейеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне септеу үшін ескерілетін еңжоғары табыс 55 АЕК – ні (3 692 теңге х 55 АЕК = 203 060 теңге) құрайды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 205 – бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Мәселен 2024 жылғы 1 қаңтардан бас-тап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе еңбек өтілі (стаж) болмаған жағдайда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген еңтөменгі күнкөріс деңгейі шамасының 60 – пайызы есептеліп отырған, енді 65 – пайызға көтерілді. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ еңтөменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жалпы еңбек өтілі (стажы) 30 жыл және одан жоғары болса, күнкөріс деңгейіне сәйкес ең жоғары базалық зейнетақы мөлшері 43 407 теңгені құрайды.
Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға да қатысты.
Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодексінің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде 2024 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты (43 407 теңге) жоғарылатылады.
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы:
I-топ – 95 496 тг, II-топ – 76 397 тг, III-топ -52 089 тг.
7 жасқа дейін бала мүгедегі – 69 886 тг,
7 жастан 18 жасқа дейін:
I-топ – 95 496 тг, II-топ – 79 435 тг, III-топ – 69 886 тг.
Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге:
I – топ – 139 771 тг, II-топ – 119 370 тг, III–топ – 100 271 тг.
Мүгедек баланың күтіміне — 69 886 тг,
1-ші топ мүгедек күтімі — 69 886 тг төленеді.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:
бір балаға – 39 935 тг, екі балаға – 73 792 тг, үш балаға – 97 666 тг, төрт балаға – 112 859 тг,
бес балаға – 119 370 тг, алты және одан жоғары балаға – 130 221 тг.
Тұлдыр жетім:
бір балаға – 66 847 тг, екі балаға – 133 694 тг, үш балаға – 200 541 тг,
төрт балаға – 267 388 тг, бес балаға – 334 234 тг, алты балаға – 401 081 тг,
жеті балаға – 467 928 тг, сегіз балаға – 534 775 тг төленеді.
Жоғарыда аталған Заңғас әйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады, ал №1, №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала біржарым жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы:
төрт балаға дейін – 140 296 тг,
төрт және одан да жоғары бала туғанда – 232 596 тг.
Бір жарым жасқа дейін бала күтіміне:
бірінші балаға – 21 266 тг,
екінші балаға – 25 143 тг,
үшінші балаға – 28 983 тг,
төртінші және одан да жоғары балаға – 32 859 тг төленеді.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді.
Төрт баласы бар отбасыларға – 59 183 тг,
Бес баласы бар отбасыларға – 73 988 тг,
Алты баласы бар отбасыларға – 88 793 тг,
Жеті баласы бар отбасыларға – 103 598 тг,
Сегіз баласы бар отбасыларға – 118 144 тг,
Тоғыз баласы бар отбасыларға – 132 912 тг,
Он баласы бар отбасыларға – 147 680 тг төленеді.
Көп балалы аналар үшін:
«Алтын алқа», «Батыр ана», «1,2 дәрежелі Ана даңқы» орден иегерлеріне – 27 321 тг,
«Күміс алқа» алған аналарға – 23 629 тг төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 қаулысына сәйкес 2024 жылы 1 қаңтарынан бастап 7 % арттырылды.
А.Рахимов,
аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы
КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы нарықтық экономикасы бар ел болып табылатынын хабарлайды және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын (бұдан әрі — ӘМАТ, 19 атаудан тұратын тізбе қоса беріледі) қоспағанда, тауарларға бағаларды ішкі сауда субъектілері дербес айқындайды. Осы Заңның 9-бабына сәйкес шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайды. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Анықтама: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4 – бабы — ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін — шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық түлік тауарларының тізімі
ақ қант-құмшекер | күнбағыс майы |
бірінші сортты бидай ұны | тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі) |
бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) | сиыр еті
(сүйекті жауырын-төс бөлігі) |
рожки (өлшеніп салынатын) | майлылығы 2,5 % жұмсақ қаптамадағы сүт |
қарақұмық жармасы (дән өлшеніп салынатын) | майлылығы 2,5 % жұмсақ қаптамадағы айран |
тазартылған күріш (домалақ дәнді өлшеніп салынатын) | сары май (тұздалмаған, майлылығы
72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ) |
картоп | |
сәбіз | тауық жұмыртқасы (1 санатты) |
басты пияз | ас тұзы |
ақ қауданды қырыққабат | сүзбе: майлылығы 5-9 % |
табиєатты аялайыќ
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 62 бабының 1,6 тармақшасына сай; Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің биотехникалық іс-шаралары жүргізілді.
Жануарларды аномальды ауа-райының жағдайы, қардың қалың түсуі және аяқ астынан ауа –райының күрт суытуы жануарлар дүниесіне орны толмас зақым әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Байқадам, Түгіскен және Жайлаукөл орманшылықтарының орман қоры жерлеріне жем, шөп салатын астау-лар орналастырылып жем, шөп жеткізілді шашылды. Әр 10-күн сайын рейд барысында орманшы-қорықшылар тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осы мерзім ішінде астаудағы жем таусылғанын байқаймыз. Себебі күннің суықтығы, қардың қалыңдығы жабайы жануарларға тамақтануға қиындық тудырады. Астау маңынан арқар, қарақұйрық, қоян, түлкі және т.б іздері көптеп байқалады. Орман қоры жерінде мекендейтін «Қызыл кітапқа» енген және басқа да жануарларды қыстан аман шығуға ықпал жасау.
Бұл – біздің ерекше қорғалатын орман қорының аумақтар туралы заңда қаралған негізгі міндеттемелеріміздің бірі болып табылады.
О.Адилханов,
«Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ аңшылықтанушы маманы
«Отбасылыќ сот» пилоттыќ жобасы
Аудандық сотта «Отбасылық сот» пилоттық жобасының аясында «Бастау» тобының кезекті жиналысы өткізілді.
Жиналысқа аудандық соттың судья координаторы Д.Кадерқұлқызы, «Бастау» жұмыс тобының мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі психолог маманы Ж.Орынбай, билер кеңесінің мүшесі Ұ.Сұрашов, Сарысу аудандық кеңес беру кабинетінің психологы Г.Қоңырбекова, аудандық ПБ-нің кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Е.Жұмаханов, аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның бас маманы Ж.Мұсаахметов қатысты.
Судья координатор Д.Кадерқұлқызы іс-шараны аша келе 2023 жылы Сарысу аудандық сотына барлығы 101 неке бұзу туралы арыз түсіп, оның 12 арыз қайтарылғанын, 89 арыз өндіріске қабылданып, 39 отбасының некесі бұзылғанын, 10 отбасы татуласуына байланысты іс қысқартылғанын, 37 іс қараусыз қалдырылғанын атап өтті. 6 іс қарау сатысында. Сонымен неке бұзуға ниет білдірілген отбасылардың 55,4 пайызы райынан қайтқандығын білдіреді.
Сонымен қатар, судья неке бұзуға ниет білдіргендердің арасында зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда психологиялық көмек көрсетіп, отбасыны сақтап қалуға тырыспаған жөн екендігін атап өтті.
Билер кеңесінің мүшесі Ұ.Сұрашов отбасылық негізгі құндылықтарының бірі-ол ымыраға келу және жоспарлан-ған мақсаттарға бірлесе күш салып нәтижеге жету екенін атап кетті.
Іс-шара соңында қатысушылар осы кездесудің өзектілігі мен тиімділігін атап өтті. Алдағы уақытта тығыз байланыста болып, ажырасуды, отбасылардың екі жаққа кетіп қалудың алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыстар жасау алға қойылды.
«Sarysý-Aqparat»
Әжелер мектебі-тәрбие негізі
«Даналық мектебі» клубының қызметі білім беру ұйымының позитивті ата—ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмысының
ажырамас бөлігі болып табылады.
Клуб – бұл жұмыстың ең қолайлы формасы, өйткені ол қатысушылардың теңдігі тұрғысынан жұмысты қамтамасыз етеді және ата-аналар үшін даму ортасын құрудағы әлеуметтік тәсілдің артықшылықтарын барынша толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ата-аналар қоғамы өкіл-дерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәс-түрлерін қолданудың оң тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Даналық мектебі» клубы аясында құрылған «Әже даналығы», «Жеңге кеңесі» клубтарының ұйымдастыруымен «Қыздар білуге тиіс…», «Ырым-тыйым – әдептілік негізі» тақырыптарында интерактивті сабақ өткізілді. Мектеп пен ата-ана байланысы, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесуге негіз болуда.
Д.Рысдәулет,
Үшбас негізгі мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Көп түкірсе көл
«Тазалық – жинаған жерде емес, сақтаған жерде» деген де сөз бар. Осы орайда, қаламыздың тазалығын сақтауда қалтқысыз қызмет етіп жатқан Жаңатас қаласы әкімі аппаратының ақылы қоғамдық жұмысшыларының жұмысы т.аңғы 8:00-ден басталады.
Әкімдікке жиналып, күнделікті бөлінген аймақтарын бөліп алып, тазалыққа кіріседі. Бүгінде көшелерде қоқыс жәшіктері жеткілікті орнатылған. Қоқыс сол контейнерлерге немесе арнайы белгіленген орынға апарып тасталса, тазалық та сақталатыны анық. Қазір жалпы қала тазалығына 100 шақты жұмысшы тартылған.
Бүгінде Жаңатас қаласындағы қоқыс контейнерлерінің қасына арнайы сары түске боялған жәшіктер 20 жерге қойылған. Ол жәшіктер тамақ пен нан қалдықтарына арналған.
Біз қазір пластикалық бөтелкелерді бөлек жинап жатырмыз. Қала бойынша 25 шақты жерге арнайы пластикалық бөтелке жинау үшін арнайы жәшік орнатылған.
Қоқыстың бір күн тазаланбай қалып қойғанын байқаған емеспіз, бізде керісінше, тұрғындар өздері шашып төгіп кетеді. Тіпті подъезд ішіне тастап кетеді, оған не дейсіз?! Қоқыс-қалдықтары бұл адам денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін қазіргі уақыттағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Тазалық әр адамның жеке тазалығынан басталады. «Тазалық табалдырықтан бас-талады»-демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматтың басты міндеті.
Ф.Ордабекова,
Жаңатас қаласы әкімі аппаратының қызметкері
Ўлттыќ киім-ўлт маќтанышы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ұлттық киіміміздің өзі ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімдерді тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де жарасады» деп айтқандай, біздің Шоқай датқа атындағы орта мектепте биылдан бастап жақсы бір үрдіс қалыптаса бастады. 1-5 сынып оқушылары түгелдей ұлттық киім киюге бет бұрды.
Біз ата-аналар осындай бастама көтердік, бірақ ешкімді міндеттемейміз. Кімге ұнамды, кисін. Кигісі келмесе, мектептің бекітілген формасымен келе береді.
Бірнеше сыныптарды аралап көрдік. Балалармен де, мұғалімдермен де пікірлестік.
Сынып болып бәріміз біртүстес киім тіктіруге келістік. Ата-аналарымыз қуана келісіп жатыр.
Бәрі бірден бола қалмайды ғой. Бұрын Наурыз, Тәуелсіздік мерекесі кезінде қазақы нақышта киінетін болсақ, енді апта сайын бір күнді осылай белгілеп отырмыз. Мүмкін, сөйте-сөйте мектеп формасын ұлттық нақышқа өзгертерміз. Мұны келешек көрсетеді. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларының қызығушылығы басым екені байқалады.
Ата-аналардың ұйымдастыруымен бірдей бір жанында ұлттық өрнегі бар кеудешелер тігіліп, галстуктарымен тағылып, киілуді қолға алдық. Басшылықтың ұйғарымымен мектепте әр аптаның дүйсенбі күні ұлттық киім киіп, мемлекеттік гимн (әнұран) айту дәстүрге айналды.
Дана, шешен Шоқай датқа бабамыздың есімін иеленген орта мектебіміздің бұл бас-тамасы баршаға жұғысты болғай!
Л.Әләйдарова,
ата-ана
Спортшылар жеѕіс тўєырынан кґрінді
Ауданымыздағы №28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары аудан намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
Атап айтар болсақ жуырда индорхоккейден кіші жасөспірімдер арасында, командалық Жамбыл облысы чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға спорт мектебінің жаттықтырушысы Б.Мейрамқұловтың шәкірттері қатысып, командалық есепте ІІІ-орын алды.
Сонымен қатар қазақ күресінен 2004-2006 жылдары туылған жастар ұлдар мен қыздар және ересектер арасында Жамбыл облысы чемпионаты өтті. Аталған жарыста осы спорт мектебінің жаттықтырушылары У. Кемалов пен Б.Тәттібаевтың шәкірттері ауданымыздың намысын қорғап, жастар арасында 4 алтын, 3 қоланы иеленді. Атап айтар болсақ, Исаханов Нұрхат 55 кг салмақта І-орын, Мауленова Аружан 48 кг салмақта І-орын, Балғабаева Аяулым 60 кг салмақта І-орын, Алмағанбетова Жансая 70 кг салмақта І-орын, Тұрсынбек Рамазан 60 кг салмақта ІІІ-орын, Ергешбай Нариман 90 кг салмақта ІІІ-орын және Жақаев Мейіржан 100 кг салмақ дәрежесінде ІІІ-орын алды. Жарыстың екінші күні ересек ерлер мен әйелдер арасында өткен жарыста балуандарымыз тағыда топ жарып, 3 алтын, 1 күміс медаль иеленді. Исаханов Нұрхат 55 кг салмақта І-орын, Байғараева Сағат 56 кг салмақта І-орын, Мырзанов Нұрболат 66 кг салмақта ІІ-орын және 100 кг салмақта Ералиев Ізбасар І-орын алып, ауданымыздың мерейін үстем етті.
«Sarysý-Aqparat»
Ќарты бар ел ќадірлі
Халқымыз қарт кісілерді әрқашан қадірлеп, құрметтеген. Алдын кес-пей, төрден орын беріп, үнемі батасын алып отырған. Тіпті үлкен істің басында ақсақалдардан ақыл сұрап, келелі жұмыстарды келте қылмаған.
«Үйіңде қартың болса, жазылып тұрған хатпен тең» дегендей, көргені мен түйгенін айтып, ақыл-кеңесін аямаған қарттардың қоғамдағы рөлі қашан да жоғары тұрған. Түрлі оқиғаларда қозғау салып, түйткілді мәселелердің шешілуіне атсалысқан қарттарымыз елдің қазынасына айналған. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген шақта ардагерлер ұйымдары мен билер кеңесі жаңаша үрдісте қызмет етіп келеді. Кезінде қызметтің сатыларынан өтіп, абыройдың биігінен көрінген ардагерлер бүгінде шешімі табылмай жатқан түйіндерді тарқатып, төрелігін айтып жүр. Олардың біз үшін маңыздылығы қашан да жоғары тұрмақ. Біз бүгін қалалық билер кеңесінің жүйелі жұмыстары туралы әңгіме қозғамақпыз. Құрылғанына көп уақыт болмаса да атқарған істері ауқымды билер кеңесі аудандық ардагерлер кеңесінің 2021 жылдың 7 сәуіріндегі қаулысымен құрылды. Қырғызбаев Сахарап төрағалық ететін билер кеңесінің құрамында Қалжанов Шәріпбек, Қасымбеков Асылбек, Сұрашов Ұзақбай және Дариябеков Сейілбек қариялар бар. Атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқтала кетсек, билер кеңесі негізгі ережелерін және Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңы мен қазақ халқының дәстүрлі құқық аясындағы кеңес ережелерін басшылыққа ала отырып, жылдық іс-шаралар талқыланып, бекітіледі. Аталмыш ережеге орай, «Елдігіміз бірлікке байланысты», «Біз ұлылардың ұрпағымыз», «Ер азамат атыңа лайық бол», «Отбасындағы ұлттық тәрбие» сынды түрлі форматтағы іс-шаралар легі өткізіліп, келелі кездесулер жасалды. Медиация шеңберінде аудандық соттан осы уақытқа дейін 233 іс келіп түскен. Оның ішінде неке бұзу туралы 191 іс қаралды. Билер кеңесінің араласуымен 54 отбасы бітімгершілікке келіп, шаңырағын сақтап қалды. Дау-дамай (моральдік шығын, алимент төлеу, т.б) бойынша 42 іс қаралап, 11 іс оң нәтиже береді. Билер кеңесімен әркез тығыз байланыста болып, бірге жұмыс істеп жүрген облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы аудандық кеңес беру орталығының консультант маманы Бақкулиева Қанағат пен психолог Қоңырбекова Гүльзираның да үлесі мол. Бірлесе атқарылған жұмыстардың арқасында билер кеңесі 24 маусым Қазақстан Республикасының «Судьялар және сот қызметкерлері» күніне орай, тараптарды татуластыруға қосқан үлестері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Өз сөзінде Сахарап Қырғызбаев: -Ғасырлар бойы ата -бабамыздың қадір тұтып, ұлы болып қалыптасуына негіз болған ұлтымызға тән «Билер кеңесі» туралы ұғымды ұмыт қалдырмай, қайта өтпелі кезеңде ел болашағы жас-тар үшін керек екендігін түсіндіруіміз қажет. Дауласқан жанжалдарды сотқа дейін ақ бітімге келтіріп, татуластыру жолын тауып, бітімгершілік жобасын нәтижелі жүзеге асыруға қолдан келгенше ықпал ете береміз. Мәселелердің шешілуіне тамшыдай болса да үлес қоссақ біз үшін үлкен жетістік,-деді.
Самат Тоқбанов, «Sarysý»