Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат

0

№ 5 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА кандидат ИСКЕНОВ Габит Мейрашұлының

 САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Искенов Ғабит Мейрашұлы 1982 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. 2001 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжін «Кеден ісі» мамандығы бойынша бітірдім. 2006-2011 жылдар аралығында «Монтаж сервис ЖШС»-де үйлестіруші болып қызмет атқардым. 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша  бітірдім. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде инспектор қызметін атқарамын.

Отбасы жағдайым – үйленгенмін, 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырмын.

Қымбатты жерлестер!

Мен қасиетті  Жамбыл өңірінде туып-өстім. Туған өлкемнің тарихын да, халқымның басынан өткен  қиын-қыстау кезеңдерді де жақсы білемін.

Сарысу ауданында да шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады. Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады.  Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.

Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, ауданымызда мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыс атқаратын боламын:

1.Экономикалық қайта өрлеу бағыты бойынша:

— Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету.  Кәсіпкерлікті дамыту. Қала кәсіпкерлеріне қолдау көрсету;

  1. Жаңа әлеуметтік саясат аясында:

-Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту;

-Денсаулық сақтау мен білім берудің үздік әлемдік стандарттарына қол жеткізу;

-Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасау.

3.Этносаралық татулық пен келісімді қорғауда:

— Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлікте қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу;

— Аудан көлемінде, әсіресе, Жаңатас қаласында мемлекеттік тілдің аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастамашы болу;

— Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсету.

  1. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде:

— Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.

Аула аумақтарын одан әрі абаттандыру, жарықтандыру және көгалдандыру;

Жастардың салауатты өмір салтына ынтасын арттыру, балалар ойнайтын ойын алаңдары және спорт алаңының сапалы орнатылуына ықпал етемін.

Ауыл шаруашылығына  қолдау көрсетуге, аудандағы инфрақұрылым  жүйелерін жақсартуға яғни  тас жол, жарықтандыру, су, кәріз жүйелері,  жылу құрылымдары жұмыстарын жақсартуға ықпал жасау.

Ауданымыздағы  жүрген иесіз ит-мысықтарды арнайы орындарға өткізілуін қадағалаймын.

Біз   ұлттық сананы өзгертеміз, отаншылдықты арттырамыз, ел бірлігін нығайтамыз, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтай отырып, Қазақстанды өркениетті елдер санатына көтеріп, Мәңгілік Елге айналдырамыз.

Сондықтан мен жерлестерімді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып,  дауыс беруге шақырамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.