Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
№ 4 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА кандидат Дутбаев Мейрамхан Аманбайұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Дутбаев Мейрамхан Аманбайұлы 1974 жылы 2 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ә.Бүркітбаев (Түркістан) ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1991-1998 жылдар аралығында бұрынғы Түркістан ауылында мал шаруашылығы саласында бастаған.
2000-2011 жылдар аралығында Түркістан ауылы «Мұрат» шаруа қожалығында механизатор болып еңбек етті.
2011-2022 жылдар аралығында өзі жеке кәсіппен айналысып, «Сәулет» ЖК басшысы болды.
2022 жылдан бастап «Мейірлан» шаруа қожалығының басшысы болып, ауыл шаруашылығы саласында мал және егін шаруашылығымен айналысып отыр.
2019 жылдан бері «Ауыл» партиясының мүшесі.
Сонымен қатар, өз жеке шаруашылығымен айналыса отырып, ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігін де ұмытпай, қолынан келген көмегін аяған емес. Сондай мысалдардың бірі:
— өз қаржысы есебінен Түркістан ауылында ветеринариялық пунктіне арналған ғимарат құрылысын салып берді;
— Үшбас ауылына тал-дарақтар отырғызуға көмек берді;
— Түркістан ауылының бір көшесіне электр жарығын жүргізуге жәрдемін берген;
— 2021 жылы Қызылорда облысында болған қуаңшылық кезінде 1 вагон шөп жолдады.
Қажырлы еңбегінің арқасында еңбегі еленіп, Жамбыл облысының және Сарысу ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған, сондай-ақ облыстық және аудандық деңгейдегі әртүрлі марапаттарға ие болды.
Өмірлік ұстанымы: «Ата-ана атына кір келтірмей, адал еңбек ету».
Қымбатты АУЫЛДАСТАР және ҚАЛАЛЫҚТАР !
Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін!