аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
№ 1 сайлау округі бойынша
Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына
кандидат Койшыбаев Куаныш Рашидұлының
Сайлауалды бағдарламасы
Койшыбаев Қуаныш Рашидұлы 1983 жылдың 20 наурызында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, Білімі-жоғары.
1990-2000 жылдары Байқадам ауылындағы Б.Адамбаев атындағы орта мектебінде білім алған.
2000-2005 жылдары Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде білім алып, «заңгер» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2006-2008 жылдары Шу қалалық полиция бөлімінде анықтаушы лауазымында, 2008-2011 жылдары Сарысу аудандық полиция бөлімінде анықтаушы лауазымында қызмет атқарған.
2012-2014 жылдары Қордай ауданы прокурорының аға көмекшісі лауазымында, 2014-2018 жылдары Сарысу аудандық прокуратурасының аға прокуроры, 2018-2019 жылдары Т.Рысқұлов ауданы прокуратурасының аға прокуроры, 2019-2021 жылдары Сарысу аудандық прокуратурасының аға прокуроры лауазымында қызмет атқарған. 2021 жылдың сәуір айында прокуратура органынан зейнетке шыққан.
2021 жылдың маусым айынан бастап, қазіргі таңға дейін «Казфосфат» ЖШС-нің қауіпсіздік қызметінің жетекші маманы лауазымында қызмет атқарады.
- Адамның басты байлығы-денсаулық демекші, Жаңатас қаласы тұрғындарының, оның ішінде жастардың спортпен шұғылдану мақсатында футбол алаңшасының салынуына ықпал етемін.
- Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының, көп балалы аналардың мұң-мұқтаждарын үнемі назарда ұстау мақсатында құзырлы органдарға өткір мәселелер қойып, шешімін табуына, жастардың қолы бос уақытында мәдени қоғамдық жұмыстармен, спортпен шұғылдануына, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тартуға ықпал етемін.
- Қаланың бас жоспарына сәйкес, әр бір ықшам ауданда балабақша, мектеп, спорт кешені болуы қажет. Бізде спорт кешені салынған болса, мектеп пен балабақша әзірге жоқ.
Қазіргі таңда, 1-ші ықшам ауданында халық саны көбейді. Осыған орай, 1-ші ықшам ауданында балабақша, мектеп салдыру туралы бастама көтеремін.
- Жеке басымның атынан қала тұрғындарына құқықтық кеңес беріп, шешімін таппай жүрген мәселелерді шешуге көмек беремін.
- Қылмыстың алдын алу мақсатында, көп қабатты үйлердің жер төлелерін қауіпсіз жағдайда пайдалануын қатаң бақылауыма аламын.
Құрметті сайлаушылар! Сарысу аудандық мәслихат депутаты болып сайланып, Сіздердің мұң-мұқтаждарыңызды қорғау мен үшін үлкен мәртебе. Сіздердің үлкен сенімдеріңізге ие бола отырып, жаңа Қазақстанның, оның ішінде құрамдас бөлігі ауданымыз бен қаламыздың дамуы үшін қоғамдағы болып жатқан әділетсіздіктермен күресетініме сендіремін.
Алдағы айтылған, қаламыздың әлеуметтік экономикасын дамыту мақсатындағы іс-жоспарларымды орындауға толық ықпалымды жасаймын.