АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

0

№ 9 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА кандидат  Есмаханов Бауыржан Мейрамбекұлының  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Есмаханов Бауыржан Мейрамбекұлы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында 1975 жылы 1 ақпанда дүниеге келгем. Әкем Есмаханов Мейрамбек Ағайдарұлы, анам Биқожаева Мейрамкүл Қырықбайқызы, екеуіде ұстаздық қызметтер атқарған.

1982 жылы Байқадам ауылындағы ҚазССРның 40 жылдығы атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1992 жылы бітірдім. 1994-2000 жылдары М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің Қаратау қаласындағы филилында инженер-электромеханик, 2004-2007 жылдары Х.А.Ясауи атындағы Тараз халықаралық қазақ-түрік университетінде жергілікті мемлекеттік басқару бакалавры мамандықтарын алдым.

Еңбек жолымды 1992 жылы ҚазССРның 40 жылдығы атындағы орта мектепте жұмысшы болып бастадым, кейін жеке кәсіпкерлікпен айналыстым, 1998-2002 жылдары Жаңатас қаласындағы Біріккен әскери комиссариатында  инструктор-жүргізуші, инспектор, көмекші, аға көмекші, 2002-2004 жылдары Жаңатас қаласы кейін Сарысу ауданы әкімінің аппараттарында бас маман, 2004-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат департаментінде бас маман, 2005 -2008 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында бөлім бастығы, 2008-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппаратында бас маман, бас инс-пектор, әкімнің көмекшісі, бөлім басшысы лауазымдарын атқардым. 2012-2013 жылдары Жаңатас қаласының әкімі, 2013-2016 жылдары «Самұрық Қазына» ҰӘҚ және 2017-2021 жылдары Ұлттық олимпиада комитетінің еншілес мекемелерінде менеджер, бас менеджер, директордың орынбасары, 2018-2019 жылдары «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубының әкімшілік директоры лауазымын қосымша атқардым, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бөлім басшысы лауа-зымын атқарып келемін.

Жұбайым Ермекбаева Гүлшат Болатқызы, Тараз қаласы №51 орта мектебінің бас-тауыш сынып оқытушысы, 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырмыз. «Аманат» партиясының мүшесімін, бірнеше мерекелік медальдармен марапатталғанмын.

Құрметті сайлаушылар!

 

Саудакенттегі №371, Игілік пен Өндіріс ауылдарында орналасқан  №374 және №375  сайлау учаскелерінен өз-өзімді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде ұсынып отырмын. Мен осы аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бар күш жігерімді салып, мемлекеттік қызметте жинаған тәжірибемді қолданатын боламын. Менің сайлауалды бағдарламам бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған, себебі «Жаңа Қазақстанды» құрудың бірден- бір жолы — ол осы дерттен арылып, қатарымызды әділ, таза, еліне, жеріне адал қызмет жасайтын адамдарды жинау. Оған дәлел мына сайлау науқаны, бұл сайлауда еліне жаны ашитын барлық азаматтарға өзін-өзі ұсынуға толық мүмкіндік берілген.

Одан кейін, бүгінде ауыл тұрғындарының ыңғайлы өмір сүруіне септігін тигізетін негізгі мәселелерді шешу. Олар, азық-түлік бағасын реттеу мақсатында тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік дүкендер ашу, тұрғындарды табиғи газбен қысқа мерзімде қамтамасыз ету, ауыл маңында орналасқан күл-қоқыс полигондарын түбегейлі ретке келтіру, жалпы күнделікті тұрғындарды мазалап жүрген басқа да мәселелерді қоғамдық қабылдаулар арқылы заң шеңберінде әрі шұғыл шешуге атсалысу.

Ауыл тұрғындарының, оның ішінде дихандардың тағы бір басты проблемасы, ол су мәселесі және кейінгі 30 жылда көзге көрінбейтін мәселе, жер асты суларының құрамында тұз минералдарының көбею. Бұл мәселені шешу үшін Шабақты өзенінің Саудакент пен Өндіріс ауылдарының тұсында су реттегіш (контрегулятор) құрылысының   мәселесін қарастыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.