ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК САЯСАТ СТРАТЕГИЯСЫ

0

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың бір басымдығы болып келеді.1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат істері жөніндегі кеңес жұмыс істеді. Кейін ол Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия болып қайта құрылды.Айта кету керек, Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Былтыр Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы сәтті іске асырылып, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Гендерлік саясат мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Бүгінгі күні республикада жүргізіліп жатқан Гендерлік теңдік стратегиясының нәтижелері халықаралық қоғамдастықпен танылуда. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі қағидалары ерлер мен әйелдердің құқық теңділігін орнатады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген. Қазақстан Республикасының барлық заңнамалары ерлер мен әйелдер арасындағы нақты теңдікті белгілейді.

Қазір қазақстандық әйелдер қоғам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге тең жағдайда қатысады.

Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі, гендерлік саясат-бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты.

Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында теңқұқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы.

Ф.Әметова, аудандық соттың жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.