ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚПАЙЫН ДЕСЕҢІЗ

0

Мамандардың айтуынша, гинекологиялық қатерлі ісік түрлерінің көбеюі жалғыз біздің елімізге ғана емес, бүкіләлемдік сипатқа ие. Ал гинекологиялық қатерлі ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: жатыр мойны обыры, аналық без обыры, эндометрия обыры және сарпай (вульва) обыры жатады.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің бастапқы формаларын анықтау мүмкін емес. Тіпті, соңғы сатылардың өзінде науқас ағзасында болып жатқан жайтты білмеуі ғажап емес. Сол себепті сәл күдік туындаса, дәрігерге қаралу керек. Айталық, әйелдерде үнемі бөлінді байқала берсе, гинекологқа жол тартқан жөн. Себебі қатерлі ісіктің бір белгісі — сол. Өкініштісі сол 30 пайыз жағдайда әбден асқынған сатыда белгілі болып жатады. Науқас өзі анықтай алмайтындықтан, уақытылы скринингтен өтіп тұрғаны дұрыс.

Қатерлі ісіктің бұл түрін адам папилломасы вирусы тудыратыны ғылыми дәлелденген. Дегенмен вирустық этиологиядан бөлек жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдықтыратын басқа да факторлар бар. Олардың арасында жыныстық қатынасқа ерте, яғни 16 жасқа дейін түсу, көп құрсақ көтеру, аборт жасату, инфекциялар, жыныстық серіктесті жиі ауыстыру, жаман әдеттерге үйір болуды жатқызуға болады.

Негізі, жатыр мойны қатерлі ісігін бастапқы сатыда анықтай алса, толықтай емдеуге болады. Сол арқылы ісікті алып тастап қана қоймай, бала көтеру қабілетін де сақтап қалуға болады. Төрт жылда бір, 30-70 жастағы әйелдердің өтетін жатырмойны қатерлі ісігінің скринингі жасалады. Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер өтеді. Қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі бірінші және екінші кезеңді қамтиды: бірінші кезең сауалнама бойынша сұрау жүргізу; екінші кезең – зертханалық-аспаптық зерттеу-лер жүргізу жолымен тереңдетілген толық зерттеп-қарау кезеңі, оған пациент скринингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде өзгерістер анықталған кезде жіберіледі. Бұл скринигтік тексеруден өтетіндігіңізді жалпы тәжірибелі дәрігер хабардар етеді. Тексеруден бір күн бұрын жыныстық қатынасты, вагиналды манипуляцияларды, соның ішінде душта жуынуды, ванналарды, тампондарды қоюды болдырмаңыз.

Жатыр мойнының жағындысының нәтижесіне байланысты акушер-гинеколог кеңесі, онколог-гинеколог кеңесі, кальпоскопия, биопсия, гистологиялық тексерулерге жолданады. Егер скринингтен соң қандай да бір онкологиялық дерт белгісі байқалса, науқасты дереу аудандық онкологқа не облыстық онкологиялық орталыққа жолдайды. Артынша диагноз расталған жағдайда, орталықтарға жіберіліп, ол жерде жеке емдеу жоспары жасалынады.

Барлық диагностикалық анықтау шаралары жиыны он сегіз жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бұл жаңашылдық қатерлі ісік диагнозын қою кезінде емделушілердің диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

А.Жалимбетова,

аудандық орталық аурухананың

онколог дәрігері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.