КАРАНТИНДІК ЗИЯНКЕС – ҚАУЫН ШЫБЫНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

0

Қазақстанда қауын шыбыны негізінен Қызылорда, Шымкент облыстарында кең таралған. Жамбыл облысында да таралып, бақша егістеріне айтарлықтай зияны тигізуде.

Кауын шыбыны зиянкесінің биологиясы: Көктемде қауын гүлдеп, түйін сала бастағанда шыбындар шыға бастайды. Топырақ қабатының қызуы +200С –қа жоғарылағанда қауын шыбыны ұша бастайды. Өмір сүру ұзақтығы 2-айдан асады. Шыбындар ұшып шыққаннан кейін аналықтары 6-8 күннен соң жұмыртқасын қауынның қабығының астына бір-бірден салады. Жұмыртқа саны 104-123-ке дейін жетеді. Олар қосымша қауынның сыртқы қабығын, жапырағын тесіп, соның шырынымен қоректенеді. Дақылға ең үлкен зиян тигізетін фазасы- дернәсіл кезі.Қауын шыбыны таңғы уақытта белсенді болады. Қауын дақылынан бөлек қарбыз, қияр, асқабақты зақымдайды. Тіпті қорек ету көлемі азайса дәнді дақылдарды да қорек ете береді.

Жеміс қабығының астына салынған жұмыртқалардан 3-4 күннен кейін балаңқұрттары туыла бастайды, қолайсыз жағдайда 7-күнге дейін созылады. Балаңқұрттары өсімдік жемістерін кеміріп сонымен қоректенеді. Қоректенуі аяқталған соң өсімдік жемісінен шығып, топырақ қабатының жоғарғы бетіне 5-8 см тереңдікте қуыршақтануға кетеді. 20-45 күннен кейін қауын шыбынының жаңа ұрпақтары ұша бастайды. Қауын шыбыны жылына 2-3 ұрпақ береді.

Анықтау жолдары: шыбынның сандық динамикасын анықтау үшін жер бетінен 1 м биіктікте ферамондық тұзақтар құрып ұстайды. Дернәсілдермен зақым-далған бақша өнімдерін анықтау үшін маршруттық тәсілмен төрт жағынан, екі бұрышты диагоналынан жаяу жүріп, 5 га жер тексеріледі. Тексеруші әр 75-100 метр сайын тоқтап жан-жағынан мұқият қарайды. Зақымдаудың сыртқы белгілерімен анықталды.

Күрес шаралары: міндетті түрде зақымдалған қауын түйнектерін теріп алып целофан қапшықтарға салып, топырақты 1,5 м тереңдікке қазып, үстінен таптап көміп тастау керек. Күзде терең етіп сүдігер жырту, келесі жылы ауыспалы егіс жүйесін қолдану, тұқымды дәрілеп егу, жерді арнайы препараттармен өңдеу қажет.

Химиялық препараттар: қауынның нағыз жапырақтары пайда болғаннан бастап гүлдегенге дейін Ровекурт, Нурелл, Кардинал инсектицидін, вегетация кезеңінде Устад, Циракс, Шерпа препараттарын пайдалануға болады.

Ы.Тәңірбергенов,

ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО»

РММ Сарысу аудандық филиалының

агроном-энтомолог маманы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.